×

Алматының жергілікті бюджеті ненің есебінен өсіп жатыр

Қаланың сауда базарларын көлеңкеден шығару Алматының жергілікті бюджетіндегі қаражат көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді

Алматының жергілікті бюджеті ненің есебінен өсіп жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Соңғы 5 жылдағы жергілікті бюджеттің кірісті толықтыру бойынша Алматы әкімдігі тұрақты жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Алматы Мәслихатының кезекті сессиясында Тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, 2023 жылы мегаполистің жергілікті бюджетіне түсетін түсімдердің қосымша резервтері қарастырылды.

Бұл әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың ұлғаюы, соның есебінен 2023 жылы бюджетке түсімдер 14,9 млрд теңгені құрады.  

Қаланың сауда базарларын көлеңкеден шығару Алматының жергілікті бюджетіндегі қаражат көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Мемлекеттік кірістер департаменті (МКД) жүргізген сауда базарларын паспорттау нәтижесінде «көлеңкеден» 19 898 сауда нүктесі шығарылды.

Тағы бір резервтік көз жер салығының ставкаларын қайта қарауға байланысты. Жер салығының базалық ставкалары және баға сызбаларына қала бойынша салық салу мақсатында жерді аймақтарға бөлу соңғы рет 2015 жылы қайта қаралды (аймақтарға бөлу сызбасы 2020 жылы қайта қаралды). Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша МКД мен бірлесіп жұмыс жүргізілді мүлік салығы бойынша қосымша көздер анықталды. Осылайша, Алматы бюджеті 352 млн теңгеге толықты. 

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер жарнама есебінен де артты. 

2022 жылы сыртқы жарнаманың 60%-ы хабарламасыз және тиісті рұқсатсыз орналастырылған. Нәтижесінде 2023 жылы жарнамадан нақты салық түсімі 4,1 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 600 млн теңгеге артық. 

«Жергілікті бюджеттің күрделі қосымша ресурстары халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Ал 19 мыңнан астам сауда нүктесінің «көлеңкеден» шығуы қаланы дамытуға ұзақ мерзімді оң мультипликативті әсер береді», - деп түйіндеді сөзін А. Бердіқұлов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →