×

Депутаттардың басым көпшілігі утилалымға қарсы – Абзал Құспан

Утилалымға қарсы петицияға қол қойғандар саны 50 мыңнан асты

Депутаттардың басым көпшілігі утилалымға қарсы – Абзал Құспан
Фото: informburo.kz

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан утилалымға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Депутаттардың басым көпшілігі утилалымға қарсы. Өйткені нақты нәтиже жоқ. Осыған дейін Мәжіліске Өнідіріс министрін шақырып, сұрақтың астына алғанбыз. Сол кезде нақты жобаларын бере алмаған еді. Қазіргі кезде Санжар Боқаев берген мәліметтерді жоққа шығаратындай Үкімет тарапынан жауап көріп отырғаным жоқ. Қазір өзім сұратып жатырмын. Неге екені белгісіз, бұл мәселеде ашықтық жоқ. Оның қарапайым дәлелі - 2016 жылдан бері жиналған утилалымның қайда, қалай жұмсалғаны туралы ақпаратты бермей отырғаны. Оны Санжар тұрмақ, біз депутаттар ала алмай отырмыз. Ақпаратты ұсыну бойынша Жоғарғы соттың шешімі бар, енді мәліметті аламыз деп ойлаймын», – дейді депутат.

Еске сала кетейік, бұған дейін утилалымға қарсы петицияға қол қойғандар саны 50 мыңнан асып, оны қарайтын жұмыс тобының құрамы бекітілген болатын. Петицияның өзі 10 наурызда басталған. Оның авторы – қоғам қайраткері, «Утилалымға жол жоқ!» қозғалысының жетекшілерінің бірі – Санжар Боқаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Комфорт, тәртіп және қауіпсіздік: Алакөлде қандай ауқымды шаралар жүзеге асырылуда
Бүгін, 19:47

Комфорт, тәртіп және қауіпсіздік: Алакөлде қандай ауқымды шаралар жүзеге асырылуда

Биыл жағалаудағы санитарлық тораптар саны 8-ден 18-ге дейін көбейтіледі
Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіруі тиіс.
Ол қомақты қаражатты жымқырды деп айыпталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →