×

Талдықорғандағы оңалту орталығының оңды ісі

Су терапиясының қандай пайдасы бар

Талдықорғандағы оңалту орталығының оңды ісі

Талдықорған қаласындағы «Асар» спорттық оңалту кешенінің ашылғанын биыл 10 жыл толып отыр. Бұл мүмкіндігі шектеулі көптеген жанның аяққа тұрып кетуіне көмектескен ерекше мекеме. «Асар» – Қазақстандағы алғаш спорттық оңалту орталығы. 2014 жылы жұмысын бастаған осы жерден 10 жылда 4000 нан астам адам ем қабылдап, толыққанды өмірге қадам басыпты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«1500 адам өз өзін қамти бастады. Ешкімге мұқтажсыз. Одан басқа 400 ден астам адам коляскамен келсе, балдақпен жүре бастады. Балдақпен келсе троспен жүре бастады. Троспен келсе, тросын тастап кеткен кісілер бар бізде», - дейді “Асар” оңалту орталығының директоры Елдос Баялышбаев.

Теңдесі жоқ орталық

Теңдесі жоқ оңалту орталығы 2017 жылы Жапония елі ұйымдастырған “Корни травы” халықаралық жобасында өзгелерден озып, 80 мың доллар   грант ұтып алған еді. Жеті жылға жуық уақыттан бері осы гранттық жобаны сәтімен жүзеге асырып келеді. Орталықтың ұйытқы боуымен жүзеге асқан жұмысқа Жапония елінің өкілдері келіп, жылы лебіздерін де білдірген болатын. - «Сіздерді осы жобаның орасан зор табысымен шын жүректен құттықтаймын. Орталық осы 10 жыл ішінде барлық адамдарға үлкен көмек көрсетті. Біз үшін осындай игі іске үлес қосу нағыз мәртебе. Баршаңызға одан әрі даму, одан әрі мықты орталық болуларыңызды тілеймін», - деген Джун Ямада. Бұдан бөлек, Жапонияның Қазақстандағы елішісі арнайы келген сапарында «Асар» оңалту орталығының жұмысымен де танысты. Сауапты істе қажырлы еңбек етіп жүрген жандарға ізгі тілегін жеткізді. Қазақстанда теңдесі жоқ мекемеде бүгінде 32 дәрігер қызмет көрсетеді. «Асардың» көмегін алып жүрген жанның бірі Гүлстан Дузимова. Талдықорған қаласының тұрғыны осыдан біраз уақыт бұрын инсульт алып, ауыр хәлге түскен еді.

«Дәргігерлер геморрагический инсульт деген диагноз қойған. Инсульттің қайсысы болсын, адамға оңай тимейді ғой. Мен де қатты қиналдым. Бірақ, мойыған жоқпын. Біз бірдеңені ниет етіп, алға ұмтылсақ, Жаратқан міндетті түрде жар болады. Осы рас екен. Толық көзім жетті. Ауладағы көршімізден «Асар» оңалту орталығы жайлы естіп-білдік. Сосын, қызығушылығымыз оянып, іздене бастадық. Инстаграмм-желісінен мекеменің аккаунтын тауып, таныстық. Сөйтіп, оңалту орталығын тауып, бардық. Ондағы қызметкерлер жылы шырай танытып, қарсы алды. Шетке қаққан жоқ. Бірден көмек қолын созды», – дейді Гүслтан Дузимованың өзі.

Қазір науқастың жағдайы едәуір жақсарып қалған. Оңалту орталығының басшылығы мен барша персоналға рахметін айтып отыр. «Асар» өзіне басқасын айтпағанда, психологиялық тұрғыда да кәдімгідей көмектескендігін алға тартып отыр Талды қала тұрғыны.

Ауыр сырқаттан айығуды ойлаған Г.Дузимованың «Асарға» барғанына айдан асыпты. Орталық мамандары ем-домды, жаттығуды үздіксіз алу керектігін түсіндірген. Сол айтқанның барлығын қал-қадерінше орындап келеді. Өзінің жүруіне қиын болған соң жақындарының көмегіне жүгінуге де мәжбүр болыпты. Біраз уақыттан бері жан жары мен қызы Айшолпанның демеуімен оңалту орталығына барып-қайтып жүрген жайы бар. Қызы Айшолпан анасының кәдімгідей жақсы болып қалғанын айтады. Аптасына бес күн сырқаттанған жақынының жанынан табылып жүргендіктен, Айшолпан «Асардың» жасап отырған жақсылығын жақсы біледі.  

«Осы орталыққа аптасына бес рет барамыз. Таңғы сағат сегізден түскі он екіге дейін сондамыз. Біз үшін барлық жағынан ыңғайлы болуда. Осы уақыт аралығында ЛФК, кинозатерпаия, физиотерапия, массаж, логопед, тренажерный залға барып жүрміз. Ешқайсысынан қалмайтын болдық. Осындай ем-дом түрлерін алып келеміз. Жеке өз басым анамның бойынан біраз өзгерісті байқадым. Алға ұмтылады, талпынады. Кәдімгідей мотивация алып жүр. Басында қоларбада көп отыратын еді. Ал «Асар» орталығына барған соң таяқпен жүруді үйрендік. Анам осыған өте қуанышты болды. Адам үшін жай таяқпен жүрудің өзі де арман болады екен. Біз тура сондай халге түсіп қалдық. Құдайға шүкір дейміз, осы орталық қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің арқасында ойға алған мақсатымызға жетіп қалдық. Біз барлығымыз да қуаныштымыз. Мен өзімнің, әкемнің және де анамның атынан «Асар» оңалту орталығына алғысымды білдіремін», – дейді Айшолпан Дузимова.

Он жылдығын атап өтіп отырған орталықтың соңғы бір жылы да жемісті болды. «Асар» 2023 жылдың өзінде 350 ден астам ерекше адамға медициналық көмек көрсетіп, еңсесін сәл болсын тіктеуге атсалысты. Жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс аясында 90 миллион теңге бөлінген. Соның есебінен мекемеде ем қабылдау толықтай тегін іске асуда. Айтпақшы, мұнда тіпті науқастарды емдеп - сауықтырып қана қоймайды. Қазір оңалту орталығы көмекке жүгінген жандарды белгілі бір кәсіпке де баулиды. Бұл жұмыс та орталықтың кешенді бағытының біріне айналған.

«Болашаққа жоспар көп. Бастыларын айтып өтсем, ең алдымен жатақһана салсақ деген мақсат бар. Өзіміздің жатақһанамыз болса деген ой біраздан бері көкейімізде жүр еді. Енді соны ақырындап іске асырсақ дейміз. Бассейн салғымыз келеді. Бұл да мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтуға таптырмайтын дүние болмақ. Одан кейін қосымша спорт алаңдарын салуды да жоспарлап жүрміз», – дейді Е.Баялышбаев.

Су терапиясының маңызы зор

Су терапиясының, жалпы суға шомылудың адам денсаулығына пайдасы зор екені бесенеден белгілі. Ал мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тіптен керемет. Жол апатынан кейін зардап шекккен жандарға, аяқ-қолы сынып, зақым алған, тірек-қимыл қозғалысында ақауы бар адамдарға су жаттығулары өте пайдалы. «Асар» оңалту орталығы біраз жылдан бері осы тәсілді тиімді пайдаланып келеді. Жетісу жерінің жауһарына баланған Алакөл жағалауында мекеменің өзінің арнайы демалу-оңалту орталығы бар. Бұл пансионаттың ашылуының да өз тарихы бар екен.

«Мен жарақат алып, ауыр жағдайға түскеннен кейін отбасым көңілімді аулады. Қиналғанда жанымнан табылған жақындарым асты-үстіме түсіп, қалай да көңілімді аулауға тырысатын. Бірде Алакөлге бардық. Ел қатарлы демалыстың бірі болатын. Сонда шипалы көлдің жағасында отырып, ойға қалдым. Қарап отырсам өзімнен басқа ешкім жоқ. Мүмкіндігі шектеулі адамдардан суға жүзіп, демалып жүрген ешкім көрінбейді. Содан келіп мұның себебі неде деген ойға қалдым. Соның жауабын іздедім. Сөйтсем, осы секілді демалыс орындарында арбаға таңылған адамдарға, жалпы жарымжан азаматтар үшін ешқандай жағдай қарастырылмаған екен. Сөйтіп, неге осы олқылықтың орнын толтырмасқа деген идея келді. Ол кезде коляскамен жүретін адамдарға арнайы алаңдар жоқ еді. Біз секілді азаматтарға арналған пансионаттар да жоқтың қасы болатын. Сөзден іске көшейін деп белді бекем будым. Сөйттім де болашақ стартапқа қатыстым. Екі мың жобаның ішінде оза шауып, екінші орын алдық. Грант ұтып алудың сәті түсті. Осылайша жобамызды осы идея туған Алакөлдің жағалауында жүзеге асырдық», – деген еді мерейтой қарсаңында қуанышымен бөліскен іскер Елдос бауыр.

Елдостың жоба-жоспары көп. Жігері құм болғандарға қолдан келгенше көмектескім келеді дейді. Сол үшін айналасына «Асардағыдай» шарболаттай шыңдалған, сүрінсе де құламаған қайсар жандарды жинауда.   

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →