×

Қырғызстанда заңсыз жүрген бес бала Қазақстанға қайтарылды

Кәмелет жасқа толмаған балалар ата-анасның келісімінсіз туыстарында заңсыз жүрген

Қырғызстанда заңсыз жүрген бес бала Қазақстанға қайтарылды
ohchr.org

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қырғызстанда заңсыз жүрген бес баланы елге қайтарды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің кәмелетке толмаған азаматтары Қырғызстанда осы уақытқа дейін заңсыз жүріпті. 2022 жылдың басынан бері Қырғыз Республикасынан 3 қыз және 2 ұл елге қайтарылды.

“Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың мүддесі үшін ауқымды жұмыс атқарып жатыр. 2022 жылдың басынан бері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қырғыз Республикасының аумағынан барлығы 5 кәмелетке толмаған баланы, соның ішінде 3 қыз және 2 ұл баланы елге қайтарды. 2011 жылы туған қыз Қырғызстанның Панфилов ауданында заңсыз болған. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, баланың анасы көрші мемлекетке барып, қызын тәрбиелеуге тиісті құжаттарды ресімдемей, бейтаныс адамдарға тапсырған. Бала жақын туысының өтініші бойынша Қазақстанға қайтарылды. Сондай-ақ 2009 және 2011 жылдары туған әпкесі мен інісі Бішкекте болған. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдары арқылы балаларды елге қайтару қажеттілігі туралы өтініш келіп түсті. Тағы бір жағдай 2010 және 2015 жылы туған ағасы мен қарындасы Қырғыз Республикасының Ош облысының Қара-Суй ауданында болған. Балалар туыстарында заңсыз болған және олар анасының өтініші бойынша елге қайтарылды”, – деді ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев.

Іс-шара барысында кәмелетке толмағанның барлығы Алматы қаласындағы Балаларды қолдау орталығына жеткізілді. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес балаларды туыстарына беру жұмыстары аяқталды немесе жүргізіліп жатыр.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы кәмелетке толмағандарды тұрақты тұратын мемлекеттеріне қайтару мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес ата-анасының немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша балаларды қайтаруға қолдау көрсетеді.

Қазақстан Республикасы азаматтарынан тағы өтініштер түскен жағдайда мұндай жұмыстар жалғасын таппақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды
Бүгін, 17:05

Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды

Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу
Панедемия кезіндегі және одан кейін мәселелерді шешудің жолдары
Желі қолданушылары оған көңіл айтып жатыр
АҚШ басылымы сотта көрсетілген жантүршігерлік кадрларды сипаттаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →