×

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында күрделі оталар бойынша мастер-класс өтті

Шеберлік алмасу барысында бір науқасқа гастропанкреатодуоденальді резекция отасы жасалынды

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында күрделі оталар бойынша мастер-класс өтті

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы ШЖК «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК-ның гепатопанкреатобилиарлы хиурргия және ағзаларды трансплатациялау бөлімшесінде 17-18 маусым күндері Алматы қаласы Қазақстан Республикасының бас хирургі м.ғ.д., профессор, ҰҒА академигі Болатбек Баймахановтың қатысуымен мастер-класс өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Болатбек Баймахановтың қатысуымен жағдайы ауыр науқастарға кеңес беріліп, емдеу тактикасы шешілді. Соның ішінде, жағдайы ауыр екі науқасқа ота жасалды.

Шеберлік алмасу барысында бір науқасқа гастропанкреатодуоденальді резекция отасы жасалынды. Бұл ота ұйқы безінің басының қатерлі ісігінде, жалпы өт жолының терминальді бөлімінің ісігінде, он екі елі ішектің үлкен папиллярының және он екі елі ішек ісігі кезінде жасалады. 68 жастағы науқас 1 айдан бері ауырып, дене сарғаюы пайда болған. Қосымша тексерулер нәтижесінде құрсақ қуысының МРТ-да холедохтың терминальді бөлігінің Фатер түтігінде ісік анықталған.

Фатер түтігінің қатерлі ісігі – он екі елі ішектің бір бөлігіне әсер ететін қатерлі ісік. Ауру баяу прогрессивті процесске және кеш метастазға ие. Бұл аймақта ісік түзілуінің өсуі өт жолы ағынының бұзылуына әкеледі. Салдарынан механикалық сарғаю дамиды.

Келесі науқасқа Таннер отасы жасалынды. Бұл ота өңештің варикозды тамырларының кеңеюі кезінде және қан кетудің алдын алу мақсатында жасалынады. 28 жастағы науқас Қақпа венасының тромбозы, өңештің варикозды қан тамырларының кеңеюі анықталған. Осыған дейін азаматқа Спленэктомия отасы жасалынып,  өңештің варикозды қан тамырларынан қан кетуі кезінде эндоскопиялық лигирлеуі жүргізілген.

Қақпа венасының тромбозы – көптеген факторларға байланысты, қақпа қан тамыр жүйесінде қан ұйығышының пайда болу процесі. Ол жедел немесе созылмалы болуы мүмкін. Саларынан өңештің қан тамырларының кеңеюі пайда болып, асқынып, қанауы дамиды.

Қазіргі таңда отадан кейін науқастардың жалпы жағдайы жақсы, дренажды түтіктері қанағаттанарлықтай жұмыс жасауда.

Бұндай күрделі оталар Астана және Алматы қалаларында жасалынатын. Енді Алматы қаласының «А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО-мен» жасалған меморандум аясында қаладағы және жақын аудандардағы хирургиялық паталогиясы бар науқастарға күрделі оталар Түркістан облысы облыстық клиникалық ауруханасының базасында жасалуда.

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен облысымыздың бауыр циррозымен ауыратын науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек, соның ішінде, бауыр трансплантациясы отасын дамыту мақсатында отандық және шетелдік мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтары мен тәжірибие алмасулар ұйымдастыру жоспарлануда.   

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ана мен бала денсаулығы – ел болашағының жарқын болуының негізі
Бүгін, 20:42

Ана мен бала денсаулығы – ел болашағының жарқын болуының негізі

Ана мен баланың денсаулығы – қоғамда маңызды рөл атқарады
Қазір қалада 22 жеке және 1 коммуналдық автобус паркі жұмыс істейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →