×

Түркістан облысының медицина қызметкерлері марапатталды

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбегімен дараланған мамандарды «Еңбек ардегері», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасы» және алғыс хаттарымен марапаттады

Түркістан облысының медицина қызметкерлері марапатталды

Түркістан облысында Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен медицина саласының қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбегімен дараланған мамандарды «Еңбек ардегері», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасы» және алғыс хаттарымен марапаттады. 

«Өңірде денсаулық сақтау басқармасына қарасты 45 мемлекеттік мекеме, 756 ұйым бар. Барлық медициналық мекемеге – 2 млн 100 мыңға жуық адам тіркелген. 2024 жылы 8 денсаулық сақтау нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүрігізу қолға алынып отыр.  «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жоба аясында облысымызда биыл  49 медициналық нысаның құрылысы басталды. Сонымен қатар балалар арасында мүгедектіктің алдын алу мақсатында Қапланбек ауылында 600 орындық оңалту орталығы ашылды. Облыс бойынша өзекті мәселердің бірі, кадр тапшылығы және біліктілігі. Аталған мәселе бойынша 2023 жылы облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының бастамасымен 60 грант резидентураға берілсе,  ал биыл  139 грант бөлініп отыр», – деді Бейсенбай Тәжібаев.

Облыс бойынша үздік медицина қызметкерлері атанған конкурс жеңімпаздарына да құрмет көрсетіліп, медицина саласының ардагерлеріне сый-сияпат жасалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалымжан Жақиянов марқұм досының енді әйелімен соттасып жатыр
Кеше, 18:06

Ғалымжан Жақиянов марқұм досының енді әйелімен соттасып жатыр

Төленге қарсы «алаяқтық» бабы бойынша арыз түсірген.
Сәкен Мамаш 2014 жылдан бастап жәбірленуші Каринамен заңды некеде тұрған.
Қазіргі уақытта өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ.
Шамамен 200 адам қаржы пирамидасының құрбанына айналған. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →