×

«5G-ге апарар жол»: Freedom Telecom атақты Vodafone компаниясын серіктес болды

Vodafone 50 елде желі бойынша серіктес ретінде жұмыс істейді

«5G-ге апарар жол»: Freedom Telecom атақты Vodafone компаниясын серіктес болды
Фото: Тимур Турловтың Instagram-парақшасынан

Vodafone Қазақстандағы Freedom Telecom компаниясының стратегиялық серіктесіне айналды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тараптар келісімі бойынша Vodafone Қазақстанда ұялы байланысты іске қосу үшін қажетті лицензияларды алуға көмектеседі.

«Мен бұл қазақстандық тұтынушылар мен телекоммуникация нарығы үшін мүлдем жаңа жағдай болатынына сенімдімін. Біз, шынымен де, еліміздің барлық елді мекендерін сапалы әрі қолжетімді интернет және ұялы байланыспен қамтамасыз еткіміз келеді. Vodafone сияқты серіктеспен бұл миссия барынша орындалатын сияқты»,– деп жазды Freedom басшысы Тимур Турлов Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Vodafone — әлемдегі ең ірі байланыс операторларының бірі. 40 жылдық тарихы бар компания 30 елде 434 миллион пайдаланушыға (әлемдегі China Mobile-дан кейінгі екінші көрсеткіш) қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ Vodafone 50 елде желі бойынша серіктес ретінде жұмыс істейді.

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің мәліметінше, Қазақстандағы байланыс нарығында монополия қалыптасқан. Мұнда тек үш ұялы байланыс операторы жұмыс істейді. Олардың екеуі «Қазақтелекомға»  еншілес ұйымдары (Kcell және Activ) және «Mobile Telecom Service» ЖШС (Tele2 және Altel) және нарықтағы жалпы үлесі 62%. Үшінші қатысушы 38% үлесі бар жекеменшік «Кар-Тел» ЖШС (Beeline және Izi).

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оңтүстік Корея елінде жұмыс істейтін жастар азайған
Дәрігерді пікір жазушылар да қолдап, өз мысалдарын келтіріп жатыр
Медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жайы да оң шешім тапқан жайы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →