×

Вальгустық сүйектің қисая бітіуінің себебін білесіз бе?

Вальгустық сүйектің қисая бітіуі тұқымқуалаушылықтан туындайды

Вальгустық сүйектің қисая бітіуінің себебін білесіз бе?

Вальгустық сүйектің қисая бітіуі тұқымқуалаушылықтан туындайды, я болмаса адам аяғына тар ыңғайсыз аяқ киім киюдің салдары сүйектің тасуына алып келеді. Qaz365.kz тілшісіне сұхбат берген Түркістан облысындағы ХКТУ клиника диагностика орталығындағы жоғарғы санатты травматолог-ортопед, медицина ғылымдарының кандидаты Алмасбек Ахметов өңірде «Халюс Вальгус» бойынша отаға жүгінетіндердің саны аз екендігін айтты.

«Бүгінде Түркістан қаласында орналасқан ХҚТУ клиникасында дәл осындай мәселесі бар науқастарға ота жасалынуда. «Халюс Вальгус» дәлелді медицинамен емделетін диагноз. Бұл аурудың пайда болуына әсер ететін бірнеше фактор бар. Біріншіден туа пайда болған бейімділік, пласкастопия сондай-ақ неврологиялық тапшылық жағдайларында пайда болған ауру. Бұл ауру көбіне әйел адамдарда кездеседі. Өйткені әйелдер биік өкшелі, жіңішке аяқ киімдер киеді. Бірақ, бұл гипотеза оның бірден-бір себебі болмайды. Жалпы өңірде отаға жүгінетіндердің саны аз болғанымен, олардың диагнозы асқынып отаны қажет ететін деңгейде. Өкінішке орай, науқастар үшінші және төртінші сатыларында аяқ жаралы болып, аяқ киім кие алмайтын дәрежеге жеткенде ғана маманға жүгінеді. Сүйек тасуы екі аяқта да кездесетін болса, кейін екінші аяқ үшін тағы да әуреленбес үшін отаны екі бірдей аяққа жасатқан жөн. Ота аяқталғаннан кейін аяқ арнайы реабилитацияны қажет етеді. Шамамен екі аптадан кейін тігіс шешіледі. Сонан соң арнайы шина бандаж кигізіледі. Тігіс шешілгеннен кейін арнайы ортопедиялық барук аяқ киімін кию арқылы ертеңіне тұрып жүруге болады. Бұл аяқ киімді киюдегі мақсат – аяқтың алдыңғы бөлігіне салмақ түсірмей бүкіл салмақты өкшеге түсіруге арналған. Аяқ киім кию мерзімі – шамамен бір жарым ай», – дейді травматолог дәрігері.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында алғаш рет мәйіттік донорға ота жасалды
Бүгін, 09:20

Түркістан облысында алғаш рет мәйіттік донорға ота жасалды

Мәйіттік донордың ағзасын алуға туыстары заңды түрде рұқсат берген
Оңтүстік Корея елінде жұмыс істейтін жастар азайған
Дәрігерді пікір жазушылар да қолдап, өз мысалдарын келтіріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →