×

Түркістанда бес айда 14 жасқа дейінгі 15 бала науқастанған – дәрігер туберкулезден қалай сақтану керек екенін айтты

Өңірде аурушаңдық көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 34,0%-ға жоғарылағанымен, республикалық орта деңгейден 9%-ға төмен

Түркістанда бес айда 14 жасқа дейінгі 15 бала науқастанған – дәрігер туберкулезден қалай сақтану керек екенін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында ағымдағы жылдың 5 айында жалпы туберкулезбен ауыратын 308 науқас анықталған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 15 бала бар. Жалпы науқастардың көпшілігі профилактикалық тексеруден кейін ерте анықталған. Өңірде аурушаңдық көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 34,0%-ға жоғарылағанымен, республикалық орта деңгейден 9%-ға төмен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысындағы ТО ДСБ «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК Мониторинг және бағалау тобының жетекшісі Талғат Ақбаевтың сөзінше туберкулездің алдын алу үшін жылына бір рет, мүмкіндік болса екі рет флюграфиялық тексеруден өтіп тұру керек. 

«Флюграфиялық тексеруден соң, өкпеде қандайда бір дақ пайда болса, дер кезінде тексеріліп ем қабылдау қажет. Сондай-ақ, адам жөтеліп, салмақ тастап, кеуде қуысы шаншып ауырып, дене қызуы көтерілсе дәрігерге көрінгені абзал. Егер де науқастан туберкулездің жұқпалы түрі анықталатын болса, ол дереу оқшауланады. Сондай-ақ, оның отбасындағы адамдар тексеріледі. Туберкулезден толығымен жазылуға болады. Бұл тұқым қуалайтын ауру емес, бұл - жұқпалы ауру. Сондықтан туберкулезбен бір үйден бірнеше адам ауруы мүмкін. Осы орайда аймақтық дәрігерлер кеуде шағымдарымен келген науқастарды бірден мамандарға жіберуі керек. Науқастан туберкулез анықталып, бірден ем қабылдаған жағдайда науқастың ертерек жазылып кетуіне толық мүмкіндік бар. Әр адам ауырып қалмау үшін дұрыс тамақтанып, спортпен айналысуды қолға алу қажет», – деді Талғат Ақбаев.

Айта кетсек, сау адам жұқпасы бар ауамен тыныс ала отырып, туберкулезге шалдығуы мүмкін. Сондықтан әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын ұстанып, құнарлы тамақтанғануы керек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды
Кеше, 17:35

Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды

Туристер мен Алматы тұрғындары 300 кг қоқыс жинады.
Ұсталғандардың бірнеше алаяқтық фактілеріне қатысы бар екені анықталды
"Менің елім - менің Туым" акциясы аясында республика қалаларында 10 мыңға жуық ту ілінетін болады
ІІМ Қазақстан азаматтарын заңды және жол-көлік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →