×

Түркістан облысындағы медициналық мекемелерде тәулігіне 200-ден астам ота жасалады

2023-2024 жылы облыстық медициналық мекемелерге 49 маңызды медициналық техникалар сатып алынуда

Түркістан облысындағы медициналық мекемелерде тәулігіне 200-ден астам ота жасалады
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында биылғы жарты жылдықта 30 млн-ға жуық клиникалық-диагностикалық қызмет көрсетілген. Сондай-ақ 300 мыңнан астам жедел жәрдем көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Qaz365.kz. Одан бөлек, бүгінде Түркістан облысының медициналық мекемелерінде күніне 200-ден астам ота жасалуда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Өңірде денсаулық сақтау басқармасына қарасты 45 мемлекеттік мекеме, 756 ұйым бар. Барлық медициналық мекемеге – 2 млн 100 мыңға жуық адам тіркелген. 2024 жылы 8 денсаулық сақтау нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүрігізу қолға алынып отыр. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жоба аясында облысымызда биыл 49 медициналық нысаның құрылысы басталды. Сонымен қатар балалар арасында мүгедектіктің алдын алу мақсатында Қапланбек ауылында 600 орындық оңалту орталығы ашылды. Облыс бойынша өзекті мәселердің бірі, кадр тапшылығы және біліктілігі. Аталған мәселе бойынша 2023 жылы облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының бастамасымен 60 грант резидентураға берілсе, ал биыл 139 грант бөлініп отыр», – деді облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев.

2023-2024 жылы облыстық медициналық мекемелерге 49 маңызды медициналық техникалар сатып алынуда. Атап айтқанда, 4 компьютерлік томография, 2 мобильді ангиограф, 2 стационарлық ангиограф, 4 видеогостроскоп, 5 видеоэндоскопиялық жиынтық және ултра дыбыстық зерттеу аппараты 11 дана, эксперттық санаттағы УДЗ аппараты 17 дана. 2 Магниттік-резонанстық томография. Жасанды қан айналымы аппараты 1 дана. Экстракорпоральды мембранды оксигенация аппараты 1 дана. 2024-ші жылы медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 6 млрд.теңге қаржы қарастырылып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында 5 айда 20 мыңнан астам нәресте өмірге келген
Кеше, 21:15

Түркістан облысында 5 айда 20 мыңнан астам нәресте өмірге келген

Бала туу көрсеткіші бойынша елдегі жетекші облыс
Елдегі зейнеткерлер саны да белгілі болды
Маман түсіндірме жұмыстары аясында АПВ жұқтырған кезде пайда болатын ауруларға тоқталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →