×

Түркістанда лагерь қызметкерлерінің гигиеналық дайындығы мен медициналық тексеруден өтуі қатаң қадағаланады

Түркістан облысында 22 жазғы сауықтыру лагері қызмет көрсетеді деп жоспарланған

Түркістанда лагерь қызметкерлерінің гигиеналық дайындығы мен медициналық тексеруден өтуі қатаң қадағаланады
Фото: gov.kz

Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Оқу жылында әр бір тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сондықтан балалардың ағзасын сауықтыруға, эмоциалық, жеке тұлғалық, танымдық тұрғыда дамытумен қатар бала денсаулығымен өміріне қауіпсіз жағдай жасау үшін ересектердің күшін жұмылдырып біріктіру өте маңызды. Бұл туралы Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Искаков атап өтті.

«Балаларды сауықтыруға арналған жазғы демалыс мекемелерінің жұмысын бастамас бұрын олардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қалыпқа келтіру шаралары жүргізілуі тиіс. Ол үшін материалдық-техникалық базаны дайындау, сумен қамту, кәріз жүйелерін жақсарту, технологиялық және мұздатқыш қондырғыларының дұрыстығы, жұқпалы ішек аурулары мен тамақтан уланудың алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет. Аталған іс-шараларының орындалуы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының талаптарындағы санитариялық қағидалары негізінде жүргізіледі», – дейді департамент басшысының орынбасары Асқар Искаков.

Айта кетейік, Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында 22 жазғы сауықтыру лагері (7 мемлекеттік, 15 жекеменшік) қызмет көрсетеді деп жоспарланған. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 35482 оқушы бюджет есебінен тегін демалса, 20 мыңға жуық оқушы ата-аналар есебінен ақылы демалады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыста 3421 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады.

Өз кезегінде санитарлық қызмет тарапынан жазғы сауықтыру маусымына дайындық кезеңі, яғни балалардың толық құнды, құнарлы және қауіпсіз тамақтануы, дене тәрбиесі мен олардың шынығуына жағдай жасалынуымен қатар лагерь қызметкерлерінің гигиеналық дайындықтары мен алдын ала медициналық тексеруден өтуі де бақылауға алынып, қатаң қадағаланады

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Сайран көлі жағалауы қашан ашылатыны белгілі болды
Бүгін, 14:43

Алматыдағы Сайран көлі жағалауы қашан ашылатыны белгілі болды

Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →