×

Түркістандағы балалар ауруханасында 5 айда жүрекке 59 ота жасалған

Мамандар аудандық ауруханаларға шығып, бекітілген кестеге сәйкес практикалық көмек көрсетеді

Түркістандағы балалар ауруханасында 5 айда жүрекке 59 ота  жасалған
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облыстық балалар ауруханасында биылғы жылдың 5 айында жүрекке 59 операция жасалған. Оның ішінде жасанды қан айналымы апаратын қолданумен ашық жүрекке 51 операция өткізілген. Ота бір жасқа дейінгі 48 бала мен 9 жаңа туған нәрестеге жасалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сонымен қатар облыстық балалар ауруханасында 43 эндоваскулярлық операция бір жасқа дейінгі 9 балаға өткізілген. Ал, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді дамыту балалар кардиохирургиясы бойынша 21 операция жасалынған. Одан бөлек, 311 жаңа туған нәресте ретинопатияға скринингімен қамтылып, 51 шала туған нәрестеден ретинопатия анықталды және 5 нәрестеге тор лазерлеу операциясы жасалды. Осы ретте 761 науқас облыстық балалар ауруханасының оңалту орталығында емделді.

Жалпы облыстық балалар ауруханасының мамандары аудандық ауруханаларға шығып, бекітілген кестеге сәйкес практикалық көмек көрсетеді. Күрделі диагноздарымен келген науқастарға кенес беріп, көрсеткіштері болса оталар жасалады. Олар жылдың басынан бері 14 аудандық ауруханаларға және Түркістан қалалаық балалар ауруханасына барып, енді 6 мекемеге, оның ішінде Сайрам, Карабулак, Ленгер, Толеби, Кентау и Сауранға шығады. Бригада құрамында балалар кардиологы, неврологы, пульмонолог, эндокринолог, балалар хирургы бар.

Айта кетейік, Облыстық балалар ауруханасы елімізде кардиохирургия қызметі бойынша медициналық қызмет көрсететін жетекші орталық. Ауруханада 18 төсектік балалар кардиохирургиялық бөлімшесі жұмыс істеп, жүрек ахауына шалдыққан балаларға жоғары маманданрылыған медициналық көмек көрсетіледі. 2014 жылдан бастап өңірде балалар кардиохирургиясы ашылған сәттен бастап ауруханада 2864-тен астам ота жасалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
“Бодандықтың айдары деп есептеймін”: депутат Ринат Зайытов «ов» тегінен неге бас тартқанын айтты
Бүгін, 11:18

“Бодандықтың айдары деп есептеймін”: депутат Ринат Зайытов «ов» тегінен неге бас тартқанын айтты

Ол басқа депутаттарға тегін ауыстыру жөнінде үндеу тастағысы келмейтінін айтқан
Биыл Қазақстаннан 4500 адам қажылыққа аттанады. 
Бұл - 2014 жылдың бірінші тоқсанынан бері ең төменгі деңгей. 
Алматының Туризм бюросы алғашқы гастрогидін ұсынды: қала қонақтары үшін 140-тан астам тамақтану орны мен гастрономиялық бағыт қамтылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →