×

Инклюзивті спорттық лагерь екінші жыл қатарынан балаларға қуаныш сыйлауда

Жобаның мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді спортқа белсенді тарту

Инклюзивті спорттық лагерь екінші жыл қатарынан балаларға қуаныш сыйлауда

Былтыр  Алматы облысы, Қапшағай көлінің жағасында орналасқан «Балдәурен» оқу-сауықтыру кешенінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «All Ability Camp» спорттық лагері ашылған болатын. Биыл  еліміздегі ең ірі инклюзивті спорттық лагерь жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ерекше балалар мен жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына арналған «All ability Camp» спорттық-мотивациялық лагерінің бірінші маусымы 10 маусымда басталса, екінші кезеңі 8 шілдеде жалғасады. Лагерь 200 баланы қамтиды. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді спортқа белсенді тарту, олардың қоғамға әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу, ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету. Лагерь қатысушылары 7 күн бойы Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағасында 5 кәсіби жаттықтырушының жетекшілігімен бочча, теннис, футбол, корнхол және садақ ату сияқты бейімделген спорт түрлерімен айналысатын болады. Сонымен қатар, олар өмірге құлшынысты арттыру дәрістері мен ойындарына қатысады. 

Жобаның ерекшеліктерінің бірі оның мүгедектігі бар балаларға ғана емес, олардың ата-аналарына да бағытталуы, атап айтқанда, тренингтер мен семинарлар, белсенді демалыс ұйымдастыру арқылы олардың өмірге ынта-жігерін арттыру болып табылады. Ата-аналармен жұмыс ерекше балалармен жұмыс істеудің негізгі арқауы саналады. Өйткені ең бірінші кезекте ата-аналар балаларының дамуы мен оларды оңалту үшін белсенді жұмыс істейді, барынша әлеуметтік бейімдеуге ұмтылады. Алайда, жас өскін жасөспірім кезеңіне жақын өмірге құлшынысын жоғалтып, бәріне салғырт күйге түсуі мүмкін.

Ата-аналар үшін психологтармен арнайы сессиялар ұйымдастырылды. Сессиялар барысында ата-аналар тьютерлер мен еріктілердің сүйемелдеуімен саналуан шығармашылық, танымдық, дамытатын іс-шаралармен, арт-терапиямен және музыкалық терапиямен қамтылады.

«Біз Шығыс Қазақстан облысынан келдік. Осындай айрықша лагерь жұмысын қолға қойған ұйымдастырушыларға, бізге қолдау көрсеткен жаттықтырушылар, мамандар мен еріктілерге рахмет. Балаларымызға ғана емес, ата-аналарға өте ұнады. Шынымен де, қызықты оқыту мен спорт бағдарламасы болды. Таза ауа мен көл жағасында қуаттанып қалдық. Ерекше балалар үшін осындай шаралар көп болса дейміз», - дейді ата-аналардың бірі Диляра. 

 «Мен мұнда Назар деген баламмен келдім. Әрқайсымызға көңіл бөлініп, бір марқайып қалдық. Балама бочча, корнхол, садақ ату бойынша сабақтар қатты ұнады», – дейді тағы бір ата-ана Назар. 

 

«Біз мұндай спорттық-мотивациялық лагерьге бірінші келуіміз. Көңілімізден шықты. Осыған дейін ерекше балалар үшін лагерьдің бар екенін білмеппін. Меніңші мұндай лагерьдің аналогы жоқ. Бауырым Ильхамға бәрі ұнады», - дейді Ильхамның ағасы.

 

Еске сала кетейік, 2023 жылы «All ability Camp» лагері тырнақалды тәртіпте жұмыс істей бастап, түрлі диагнозы бар 200 бала мен 200 ата-ана қамтылған 4 кезеңге созылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ана мен бала денсаулығы – ел болашағының жарқын болуының негізі
Кеше, 20:42

Ана мен бала денсаулығы – ел болашағының жарқын болуының негізі

Ана мен баланың денсаулығы – қоғамда маңызды рөл атқарады
Қазір қалада 22 жеке және 1 коммуналдық автобус паркі жұмыс істейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →