×

Түркістан облысында 36 медициналық нысанның құрылыс жобалары оң қорытынды алған

Олардың ішінде медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер және дәрігерлік амбулаториялар бар

Түркістан облысында 36 медициналық нысанның құрылыс жобалары оң қорытынды алған

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырыла бастағаннан бері 432 жоба бойынша оң қорытындылар берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осы ретте Түркістан облысында 36 медициналық нысанның құрылысын жүргізуге оң қорытынды алды. Олардың ішінде медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер және дәрігерлік амбулаториялар бар. Жалпы ұлттық жоба ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру және ауылдық елді мекендерді нормативтерге сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.

Сонымен қатар жоба аясында Ақмола – 32, Ақтөбе – 14, Алматы - 18, Атырау – 15, Жамбыл – 9, Батыс Қазақстан – 32, Қарағанды – 57, Қостанай – 19, Қызылорда – 11, Маңғыстау – 3, Абай – 64, Жетісу – 50, Ұлытау – 6, Павлодар – 28, Солтүстік Қазақстан – 36 құрылыс жобалары оң қорытынды алды. Жұмыста 59 жоба бар, оның ішінде Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау, Павлодар және Түркістан облыстарында нысандар салу бойынша жобалар бар. Бүгінде ұлттық жобаның бірінші міндеті аясында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 655 МСАК нысандарын салу жоспарлануда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →