×

Әскерилердің әлеуметтік қорғалуы: Сенатор Талдықорғанда Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгінде мұнда 3 типті модульдік ғимарат пен 4 казарма бой көтерген

Әскерилердің әлеуметтік қорғалуы: Сенатор Талдықорғанда Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев Жетісу өңіріне жұмыс сапары аясында Талдықорған қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5514 әскери бөлімінде болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кездесу барысында халық қалаулысы әскери қызметшілермен қауіпсіздікті арттыру және әскери бөлімді қажетті техникалық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын әлеуметтік қолдау мәселесі де қарастырылды.

Сенатор бөлім басшылығымен бірге әскери бөлімнің қызметтік-жауынгерлік жұмысымен, құқықтық тәртіп әскері жауынгерлерінің қызметімен, олардың тұрмыс жағдайымен танысып, тұрғын үй-жайларды аралады. Сонымен қатар әскери техника, атыс қаруы мен жеке құрамның арнайы құрал үлгілері көрсетілді.

Ғалиасқар Сарыбаев ең алдымен ұландықтарға арналған әскери бөлімнің жаңа аумағындағы құрылыс нысандарының салыну барысымен танысты. Бүгінгі уақытта мұнда 3 типті модульдік ғимарат пен 4 казарма бой көтерді. Жақын арада штаб, клуб, автотұрақ, спорт алаңдары және басқа да нысандар салу жоспарлануда.

Одан кейін 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшілермен әңгімелесіп, олардың күнделікті тыныс-тіршілігімен, қызмет ету жағдайларымен танысты. Сондай-ақ оқу және қызметтік міндеттерін орындауға дайындалатын жабдықталған оқу алаңдары мен оқу кабинеттерін, асхана, клуб және басқа да нысандарды аралады.

Сапар соңында сенатор жас сарбаздармен кездесу өткізіп, олармен өзекті мәселелер мен түйткілді тақырыптарды талқылады. Әскери қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру, қызмет ету және оқу жағдайларын жақсарту, сондай-ақ кәсіби даму мен мансаптық өсу мәселелері сияқты өзекті тақырыптар қозғалды.

«Әңгіме барысында Ғалиасқар Сарыбаев ұландарға еліміздің тыныштығын қамтамасыз етудегі атқарып жүрген қызметтеріне зор алғысын білдірді. Ол әскери қызметшілердің аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлінің маңыздылығын тілге тиек етті», – деп хабарлады Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Сенат депутатымен кездесу жас сарбаздар үшін өзекті мәселелерді талқылау мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар одан әрі қызмет етуге ынталандыру болды. Жас сарбаздар әскер өміріне назар аударғаны үшін ризашылықтарын білдіріп, өз еліне адал және абыройлы қызмет етуге уәде берді.

Сенатордың құқықтық тәртіп әскеріне арнайы іс-сапармен келуі елдің қорғанысы мен қауіпсіздігі мәселелеріне аса көңіл бөлу керектігін, сондай-ақ әскери қызметшілерді қолдауға және көмектесуге дайын екенін көрсетті. Бұл елдегі әскери-саяси тұрақтылықты нығайту жолындағы маңызды қадам.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →