×

Түркістан облысында былтыр жатыр мойнының обырымен 1028 әйел тіркелген

Бүгінгі таңда АПВ-ны алдын-алудың бірден – бір әдісі – вакцинация

Түркістан облысында былтыр жатыр мойнының обырымен 1028 әйел тіркелген
Фото: gov.kz

Түркістан облысында былтырғы жылы жатыр мойнының обырымен «Д» есепке – 1028 әйел азаматы тіркелген. Оның ішінде, жатыр мойыны обырының 3-4 дәрежесімен-142 жағдай тіркеліп, 48 жағдайы өліммен аяқталған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау бойынша тренер – координаторы Замира Өтегенованың сөзінше адам папиллома вирусы – бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы. Вирус жылдам таралуға қабілетті, қатерлі ісікті өзгертуге әкелетін қоздырғышқа айнала отырып, соның салдарынан қатерлі ісік дамытуымен қауіпті. Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының жуық жаңа 1900 жағдайлары тіркеледі. 600 – ден астам әйел бір жылда осы патологиядан көз жұмады. Біздің елімізде жатыр мойыны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безінің обырынан кейінгі кең таралған обырдың екінші түрі болып табылады.

«Бүгінгі таңда АПВ емдеу жолы жоқ, алдын - алудың бірден - бір әдісі – бұл вакцинация. Жатыр мойны обырының  (ЖМО) дамуына әйелдің АПВ инфекциясын жұқтыруы себеп болатыны ғылыми дәлелденген. 2024 жылғы күзден бастап Қазақстанда 11 жасар қыз балаларға АПВ –ға қарсы вакцинация жүргізілетін болады. АПВ – ға қарсы вакцинация мектептерде немесе тіркелген мекен жайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін егіледі. Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін ата–аналарының немесе қамқоршыларының хабарланған ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі. Екпенің денсаулыққа ешқандай кері әсері жоқ, қауіпсіз. Республикамызда 4 валентті «Гардасил» вакцинасын қолдану көзделіп отыр. Облыс бойынша 24 мыңға жуық қыз балаға егу жоспарланған», – деді Замира Өтегенова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →