×

Тұрғындары жиі күйзеліске ұшырайтын ірі қалалар белгілі болды

Әлеуметтанушылар әлеуметтік желідегі екі миллион жазбаны зерттеді

Тұрғындары жиі күйзеліске ұшырайтын ірі қалалар белгілі болды
Фото: shock / Depositphotos

PLoS ONE журналында халықаралық зерттеушілер тобының екі миллионға жуық твиттерді талдаған мақаласы жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz . Оларды 2016 жылдың қыркүйек айының басынан 2017 жылдың тамыз айының соңына дейін Лондон мен Сан-Франциско қалаларының 200 мыңнан астам тұрғыны жариялаған.
Ашу, жиіркеніш, қорқыныш, қайғы, қуаныш, таңдану сынды т.б. әртүрлі эмоция мегаполистің қай жерінде жиі сезілетіні ғалымдарды қызықтырған. 

Екі алып шаһардың тұрғындарының қала ішіндегі көлік пен қозғалысқа қатысты жерлерде, яғни аялдамаларда, теміржол вокзалдарында, автомобиль жолдары мен қиылыстарда көбірек ашуланып, ызаланатыны белгілі болды. Ал кафелер, мейрамханалар мен қонақүйлерден салынған твиттер жағымды эмоцияларға толы.


Алайда жасанды интеллект кейбір айырмашылықтарды да анықтады. Сөйтсе, Сан-Франциско тұрғындарының ең жек көретін орындарының тізіміне жылжымайтын мүлік агенттіктері, құрылыс дүкендері және сақтандыру кеңселері кіреді екен.
Көлік кептелісінің жиілігіне байланысты болса керек, жағымсыз әсер көпірлерге жақын маңда көбірек байқалады екен. Ал лондондықтардың ашуы  мен наразылығы көбінесе аялдамаларда байқалады. Зерттеушілердің айтуынша, бұл қоғамдық көліктің нашар жұмыс істейтінін көрсетеді.

Дереккөз: vokrugsveta.ru

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Райымбек ауданындағы жол мәселесі: Әкім уәдесі
Бүгін, 14:33

Райымбек ауданындағы жол мәселесі: Әкім уәдесі

Жобаға бюджеттен 7,5-8 миллиард теңге бөлінген
Ғимараттың қасбетіне өз бетімен кондиционер орнату – заң бұзушылық
Қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстары 1966 жылы пайдалануға берілген, 90 пайызы ескірген
Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты Ерлан Қожағапановты қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп танып, оны 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →