×

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері белгілі болды

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері белгілі болды
Фото: ашық дереккөзден

Биыл көпбалалы отбасылар 236 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2024 жылдың басынан бастап, көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 594,8 мың отбасы жалпы сомасы 236,2 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде маусым айында 594,8 мың отбасыға 40 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:

  • - 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
  • - 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
  • - 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
  • - 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
  • - 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқанын атап өтеміз.

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Павлодарда тәрбиеші мүгедек балаларды аямай ұрып-соққан
Кеше, 16:13

Павлодарда тәрбиеші мүгедек балаларды аямай ұрып-соққан

ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Қазақстанда жұмыс істейтіндердің жартысының жалақысы 150 мың теңгеден аспайды
Күдіктіден QR кодтарымен есірткі сатуға қатысты жұмыс ұсыныстары жазылған 72 парақша табылды
Қазақстан аумағында 13 707 шетел азаматы еңбек етеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →