×

АПВ жұқтырған адам қандай ауруға шалдығуы мүмкін?

Маман түсіндірме жұмыстары аясында АПВ жұқтырған кезде пайда болатын ауруларға тоқталды

АПВ жұқтырған адам қандай ауруға шалдығуы мүмкін?

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық ауруханасында Адам папиллома вирусы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазығұрт ауданындағы орталық емхана бөлімінің меңгерушісі Б.Наженовтың сөзінше, Адам папиллома вирусы 200-ге жуық түрді қамтитын тұқымдас вирустарға жатады. Кейбіреулері адам денсаулығына салыстырмалы түрде қауіпсіз, басқалары онкологиялық процестің дамуын белсендіре алады. АПВ - сыртқы жыныс мүшелерінің аурулары арасында ең көп таралған және агрессивті патология. Вирус көмей мен ауыз қуысының, тік ішектің, вульваның және қынаптың, жатыр мойнының қатерлі ісігінің дамуын қоздырады. АПВ инфекциясы ұзақ уақыт бойы симптомсыз болып, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар маман түсіндірме жұмыстары аясында АПВ жұқтырған кезде пайда болатын ауруларға тоқталды. Ең алдымен жыныс сүйелдерінің пайда болуы, тыныс алу жолдарының папилломатозының дамуы, ісік процесінің дамуы мен жыныс мүшелерінің зақымдануы орын алады. Көптеген адамдар аурудың клиникалық көрінісінсіз патогенді тасымалдаушы бола алады. АПВ-ны адам өмірінде қайталап жұқтыруы да мүмкін. Өйткені АПВ инфекциясынан айыққандардың барлығында вирусқа төзімділік қалыптаса бермейді. Көбінесе аурудың клиникалық белгілері ерте кезеңдерінде пайда болмайды. Әдетте алғашқы белгілері қоздыратын факторлардың әрекетінен кейін пайда болады.

Айта кетсек, вирустардың төмен онкогенді штамдары денеде сүйелдер мен тері папилломаларын пайда болдырады. Вирус штаммдарының жоғары онкогенді түрлері аногенитальды аймақта, әйелдерде жатыр мойнында және ерлерде жыныс мүшесінде кондиломалардың пайда болуын тудырады. Ағза вирустың әсерінен жатыр мойны дисплазиясы мен жатыр мойны обырына шалдығады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →