×

Астанада 1 тамыздан бастап жолақысы қымбаттайды

Жаңа тариф енгізіледі

Астанада 1 тамыздан бастап жолақысы қымбаттайды
Фото: ашық дереккөзден

Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 1 тамыздан бастап қымбаттайды. Қазір баға 90 теңге болып тұр, оған 20 теңге қосылып, 110 теңге болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, автобуста жүру құны 90 теңге болып 2014 жылдың қыркүйегінде белгіленді.

Айта кетейік, Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру 2020 жылдың наурызынан бастап тегін ұйымдастырылған.

Міндетті шарт – мектептің көлік картасының болуы және оны автобуста валидация өткізу.

Сондай-ақ келесі санаттарға жататын азаматтар жеңілдікке ие:

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
  • жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
  • көп балалы аналар;
  • көпбалалы отбасылар;
  • мүгедектігі бар азаматтар;
  • 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері).
  • «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары.

Еске салайық, бұған дейін Алматы мәслихаты қоғамдық көлікте жол жүрудің жаңа тарифін мақұлдады. Соған сәйкес, Алматыда да жолақысы 120 теңге болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Таза Қазақстан: 40 мыңға жуық ақтөбелік сенбіліктерге қатысты
Кеше, 13:58

Таза Қазақстан: 40 мыңға жуық ақтөбелік сенбіліктерге қатысты

Барлығы 680 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды
Бұл бастама «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылып отыр
Акцияға 2 800 адам қатысты, 41 бірлік техника тартылып, 101 тонна қоқыс шығарылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →