×

Түркістан облысындағы денсаулық сақтау саласындағы түйіткілдер тарқатылды

Түркістан облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне D және Е санатындағы сақтандырылмаған халықты тарту және дәрілік заттарды маркерлеу мәселелері талқыланды

Түркістан облысындағы денсаулық сақтау саласындағы түйіткілдер тарқатылды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Түркістан облысы әкімі орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен атқарылып жатқан жұмыстардың барысы  кеңінен талқыланған штаб отырысы өтті. Оған жауапты сала басшылары мен мамандары, сонымен қатар онлайн режимде аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. 

Күн тәртібінде адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияның маңыздылығы және оны енгізу, Түркістан облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне D және Е санатындағы сақтандырылмаған халықты тарту және дәрілік заттарды маркерлеу мәселелері талқыланды. 

Жауапты сала басшыларының баяндамасын тыңдаған облыс әкімінің орынбасары жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

«Жұмыс барысын білесіздер. Нақты іс-шара жоспарын, жұмыс алгоритмін жасау керек. Сол бойынша құзырлы органдармен бірлесе тиісті жұмыс жүргізіңіздер. Орын алған кемшіліктерді реттеу керек. Мәселелерді  бірлесе шешіңіздер», – деді Бейсенбай Тәжібаев. 

Тұрғындарды МӘМС жүйесінде сақтандыру бойынша ілгері басу бар. Жауапты мамандар тарапынан жүргізілген анықтау және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде «Е» категориясы бойынша МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған басқа аймақтарға және шет мемлекеттерге қоныс аударған, тұрғылықты мекенжайда нақты тұрмайтын 1288 адам анықталып, олардың тізімі ақпараттық жүйеде өзектендіру үшін ішкі істер департаментіне жолданған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →