×

Түркістан облысында 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жоспарланған

2023 жылы басталған 3 ФАП-тың құрылысы қарқынды

Түркістан облысында 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жоспарланған

Атап айтқанда, елді мекендерде жаңадан 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт салынады. Нысандардың құрылысын биыл аяқтау көзделуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жауапты сала басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары және мердігер мекеме өкілдерімен бірге Ұлттық пилоттық жоба аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды пысықтады. Жұмыс барысын бақылап, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма міндеттеді.  

«Бұл жоба – Президенттің тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатыр. Әлеуметтік нысандардың құрылыс сапасына аса ден қою қажет. Ел игілігі үшін жұмысты абыроймен атқарыңыздар. Жұмыс белгіленген кестеге сай, мерзімінде орындалу керек. Жұмыс күшін көбейтіңіздер. Ауыл азаматтарын да жұмысқа тартыңыздар. Мәселе орын алса, дер кезінде хабар беріңіздер. Біз өз тарапымыздан көмек көрсетеміз», – деді Бейсенбай Дәулетұлы. 

Жиында құрылыс компанияларының өкілдері жұмыс барысын баяндады. 

2023 жылы басталған 3 ФАП-тың құрылысы қарқынды. Қазіргі уақытта республикалық және жергілікті бюджеттен тиісті қаржы қаралып, 30 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, денсаулық нысандарының құрылыс сапасын бақылау үшін арнайы қоғамдық комиссия құрылып, тұрақты тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Төрт әйелі мен зәулім үйі бар». Имам туралы видео түсірген азаматқа қатысты сот шешімі шықты
Кеше, 14:41

«Төрт әйелі мен зәулім үйі бар». Имам туралы видео түсірген азаматқа қатысты сот шешімі шықты

Сот жаза тағайындау барысында құқық бұзушының кінәсін мойындауы мен шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде есепке алды.
2016-жылдан бері Солтүстік Қазақстан облысына 20 мыңға жуық адам көшіп барған
Арнайы бөліністер арасындағы бұл турнир биыл алтыншы рет өткізілді
Өз сөзінде министр этносаралық  және конфессияаралық қатынастарға да тоқталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →