Қазіргі таңда Түркістан облысы аумағында жалпы 24681 медицина мамандары қызмет атқарады
Түркістан облысында 2024 жылға өңірдің медициналық ұйымдар тарапынан республикалық бюджет есебінен 15,9 млрд. теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 549 атауын сатып алуға өтінім беріліп, бүгінгі күнге дейін «Д» есепте тұратын 129032 науқастар жалпы сомасы 4232826 мың теңгеге қамтамасыз етілді. Соның ішінде 18 жасқа дейінгі 25598 науқасқа 747528 мың тг қаражат көлемінде қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Өңірде ағымдағы жылы жаңадан пайда болған «Д» есепте тұратын науқастар санының артуына байланысты медициналық ұйымдар тарапынан ТМККК шеңберінде – 2 182 947 мың теңгеге және МӘМС жүйесі бойынша 337 890 мың тг. көлемінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қосымша өтінімі жолданды. Сонымен қатар, 2024 жылға орфанды диагноздармен ауыратын 232 науқастарды тегін медициналық кепілдендірілген көмектің шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен 4 591 681 мың теңге бөлінді.
Айта кетсек, қазіргі таңда Түркістан облысы аумағында жалпы 24681 медицина мамандары қызмет атқарады. Оның 5534-і дәрігер, 19147-ы орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Түркістан облысындағы тапшы мамандықтағы дәрігерлерді тарту мақсатында Түркістан облысының жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада медициналық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысына жыл сайын грант бөлінуде. Айта кетейік, 2023 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада медициналық кадрларды даярлауға 60 грант бөлініп 40 үміткер өтінім білдірген. Қазіргі таңда 37 үміткер медицина саласы бойынша білімін жетілдіруде. Биылғы жылға жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада медициналық кадрларды даярлауға 139 грант бөлінді.