×

3 мың теңгеге қалай теңіз жағасында демалуға болады

"Золотая корона" – бұл шот ашпай-ақ жылдам ақша аудару қызметі

3 мың теңгеге қалай теңіз жағасында демалуға болады
Фото: ашық дереккөзден

ForteBank ай сайын өз клиенттері арасында 1,5 млн теңгеге дейінгі сомаға әлемнің кез келген еліне саяхаттауға сертификаттар ойнатады – ұтыс жақында - 24 шілде күні ойнатылады. Қайда және кіммен бару керектігін жеңімпаздар өздері таңдайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ұтыс ойынына қатысу үшін Forte арқылы "Золотая корона" аударма жүйесі бойынша 3 мың теңгеден жоғары көлемде аударым жасау қажет. Мұны мобильді қосымша немесе банк филиалдары арқылы жасауға болады. Сәтті жіберілген аударымдардың саны шектелмейді. Ұтысқа ие болған бақытты жандар кездейсоқ сандар генераторының көмегімен банктің аккаунтындағы Instagram әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирдегі клиенттердің аударым нөмірлері бойынша анықталады.

Банк есебінен демалу мүмкіндігінен басқа, Forte "Золотая корона" жүйесі бойынша банк қосымшасы арқылы аударылған ақша сомасының 0,1% мөлшерінде кэшбектер төлейді, сондықтан мобильді қосымша арқылы ақша жіберу тиімді ғана емес, сонымен қатар ыңғайлы. Осындай артықшылықтары болғандықтан, Қазақстандағы аударымдардың 60% - дан астамы ForteBank мобильді қосымшасындағы "Золотая корона" жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл оп-оңай: аударымды жіберу үшін қосымшадан “Аударымдар” дегенді таңдап, "Золотая корона" жүйесін, елді, қаланы, алушының деректерін, есептен шығару шотын, валютаны және алу сомасын көрсетесіз. Алушы ақшаны қайдан алатынын өзі таңдайды.

"Золотая корона" жүйесі мультивалюталық аударымдарды Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Грузияға, Арменияға және алыс шет елдерге жіберуге мүмкіндік береді. Жылдамдықтың арқасында сіздің жақындарыңыз бен достарыңыз ақшаны бірден алады. ForteBank-те 
көптеген елдерге ақша жібергені үшін алынатын комиссия аударым сомасының 0,99%-ын құрайды, ал теңгелік аударымдар бойынша нөлдік тариф қолданылады. Аударымның максималды сомасы - айына 10 мың долларға дейін.

"Золотая корона" – бұл шот ашпай-ақ жылдам ақша аудару қызметі. Осы жүйе арқылы қазақстандықтар әлемнің 50-ден астам еліне ақша жібере алады. Көптеген адамдар "Золотая корона" ыңғайлылығы мен жылдамдығы, сондай-ақ мультивалюталық аударымдар мүмкіндігі үшін таңдайды. Саяхатқа арналған сертификаттар Forte-де 2024 жылдың 22 қыркүйегіне дейін ойнайтылатын болады. Бұл сізге 1,5 млн теңге қаржыңызды үнемдеп, ұмытылмас әсер сыйлайтын теңіз жағасындағы  демалысты ұтып алуға мүмкіндік береді. Ұтыс ойынына 18 жасқа дейінгі жастар мен резидент еместер қатыса алмайды.

№1.2.29/197/36 лицензиясы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен 03.03.20 жылы берілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →