×

Түркістандықтар кореяда визасыз жұмыс істейді

Оңтүстік Корея елінде жұмыс істейтін жастар азайған

Түркістандықтар кореяда визасыз жұмыс істейді
Коллаж: kriadera.kz

Түркістан облысында Korea Advanced Institute of Science & Technology (KAIST) атты оңтүстіккореялық университеттің филиалы ашылады. Аталмыш университетті бітірген түлектер Кореяда визасыз жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болмақ, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, алдағы жылдары ел аумағында әлемдегі жетекші техникалық университеттердің 5 бірдей кампусы ашылатынын айтты. Соның бірі қазақстандық жастарға Оңтүстік Кореяда визасыз жұмыс істеуге мүмкіндік бермек. 

«Төртінші кампус Түркістан қаласында орын тебеді. Оңтүстік Кореяда WOSONG дейтін жекеменшік университет бар. Облыстың әкімімен бірге ол университетке арнайы барып, кездескенбіз. Сол университеттің кампусын салу үшін ғимарат пен 1,2 гектар жер беріп жатырмыз», — деді ол.

Оңтүстік Корея елінде жұмыс істейтін жастар азайған. Халықтың басым бөлігі қартайып бара жатқандықтан, жыл сайын шетелдерден 150 мың азамат жұмысқа тартылады.

«Біз ол университетке құрылысы бітпеген ғимаратты ақысыз негізде береміз. Олар сол құрылысты өз жобасы бойынша аяқтайды. Кейін осы WOSONG-Түркістан университетінің түлектері Оңтүстік Кореяда визасыз жұмыс істей алады. Оқу келесі жылы басталады. Киберқауіпсіздік, компьютерлік инженерия және Data Science бағыттарында маман дайындап бастайды», — деді Саясат Нұрбек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандықтардың 85%-ы ЛГБТ насихатына тыйымды қолдайды – құқық қорғаушы Балтабаева
Бүгін, 19:47

Қазақстандықтардың 85%-ы ЛГБТ насихатына тыйымды қолдайды – құқық қорғаушы Балтабаева

Алматыда құқық қорғаушылар мен заңгерлер ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қолдады  
Көрерменге түсінікті болу үшін көрменің әр аймағы белгілі бір мағыналық қабатты ашатын арнайы кеңістікке бөлінген
Тұрғындар тарапынан әлеуметтік инфрақұрылым, жол жөндеу, ауыл шаруашылығын қолдау, білім беру, медицина және ауызсу мәселелері көтерілді 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →