×

Баланың дұрыс өсіп-дамуы үшін қай уақыттан бастап қосымша тамақ енгізу қажет?

Түркістан облысында аналар арасында семинар сабағы өтті

Баланың дұрыс өсіп-дамуы үшін қай уақыттан бастап қосымша тамақ енгізу қажет?

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық ауруханасында 6 айдан асқан балаларға қосымша тамақтандыру бойынша аналар арасында семинар сабағы өткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Семинар барасында баланың дұрыс өсіп-дамуына ана сүті негізгі тағамдық ингредиенттерге қажеттілікті толық қамтамасыз етпейді, сондықтан 6 айдан бастап қосымша тамақ енгізу қажеттігі айтылды. Сондықтан қосымша тағамды енгізудің тиімді уақыты 6 айдан бастап енгізу болып табылады. Ол алғаш рет дәмі мен құрамы басқаша жаңа тағаммен танысады. Сондықтан осы кезеңде балаға алғаш рет ұсынылатын тағам өте жұмсақ, дәнсіз жұмсартылған немесе пюренің біртекті қоюлығына дейін үгітілгеніне көз жеткізу керек. Тамақтың түрін біздің аймаққа тән өнімдерден, мысалы, картоп пюресі немесе қайнатылған және орташа тығыздықтағы жақсы үгітілген ботқа секілді өнімдерден бастаған жөн.

Дәрігерлердің сөзінше бала жылаған сайын тәулігіне кем дегенде 6 рет емізіңіз. Осы уақыттан бастап, емізгенге дейін қосымша тамақ беруді бастаңыз. Балаға күріштің қою ботқасы, ұнтақ немесе жарма қарамық ботқасы, нан картоп пюресін, суға пісірілген, ұсақтап туралған немесе тартылған майсыз ет, әсіресе бауыр, балық, жұмыртқа, бұршақ. Түрлі жеміс жидектер, көкөністер, жақсылап тазаланған, ұнтақталған жаңғақтарды беруге болады. Тамаққа бір шай қасық сары май немесе өсімдік майын қосып, қоюлау қылып беріңіз. Еметін балаға күніне 3 рет тамақ беріңіз. Ембейтін балаға күніне 5 рет тамақ беріңіз. Баланың өзі шайнап жеуі үшін тамақты кішкентай қылып қолына ұстатыңыз. Баланың өзі жеп үйренуіне дағдыландырыңыз.

Егерде балаға қосымша тамақты тым кеш бере бастағанда ана сүтінде энергиялық мен нәрлі заттар жеткіліксіз болуына байланысты баланың өсуі мен дамуы тежелуі мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →