×

Түркістан облысында алғаш рет мәйіттік донорға ота қалай жасалды

Түркістан облысында алғаш рет мәйіттік донорға ота жасалды

Түркістан облысында алғаш рет мәйіттік донорға ота қалай жасалды
Фото: pixabay.com

Жол апатының салдарынан қайтыс болған 18 жастағы жігіттің ағзасын дәрігерлер төрт науқасқа хирургиялық жолмен бөліп берді. Мәйіттің жүрегі Шымкенттегі жүрек орталығына жіберіледі. Ал, бір бүйрегі Алматыға, өкпесі Астана қаласына жіберілген. Бір бүйрек облыстық клиникалық аруханада қалады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ағзаны алуға арнайы жасақталған екі бригада Алматы мен Астана қаласынан ұшып келді. Осы орайда өңірімізде мәйіттік донорға алғаш рет ота жасалынды, ота барысында ешқандай қиындықтар туындамады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы донорлық және транспланттау процесін жедел ұйымдастырды. 2024 жылдың 25 шілдесінде мамандар ағзаларды трансплантациялау бойынша сәтті операциялар жүргізді. Осы ретте мәйіттен алынған  бауыр, екі бүйрек пен жүрек, өкпе тізім бойынша трансплантация отасы қажет науқастарға хиругиялық жолмен салынады. Мәселен, Шымкент қаласының жүрек орталығында 1966 жылы туған науқас жаңа жүрек алды, а.н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында 1966 жылы туған науқасқа бауыр трансплантацияланды. Ал, Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында 1984 жылы туған пациентке бүйрек трансплантациясы жасалып, University Medical Center клиникасында 2008 жылы туған балаға екінші бүйрек трансплантацияланды», – дейді Республикалық транспланттау орталығының Түркістан облысы  бойынша өңірлік үйлестірушісі Әмірхан Сандыбаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →