×

Сауран ауданында заманауи емхана салынады

Сауран ауданында 101 981 тұрғын бар

Сауран ауданында заманауи емхана салынады

Түркістан облысы, Сауран ауданында заманауи емхана салу үшін меморандум жасалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысында медициналық нысандар санын көбейту, тұрғындардың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыстар жүруде. Аталған салаға жеке инвесторларды тарту да жолға қойылған. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев «Viamedis» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бас директоры Әсет Ахметовпен кездесіп, екіжақты әріптестік мәселесін талқылады. Қос тарап іскерлік байланысты дамытуға ниет білдіре отырып, өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. 

«Мемлекет тарапынан өңірде денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл ретте жеке инвесторларды тартуға да мән берілуде. Бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Қолдау көрсетіледі», – деді Бейсенбай Тәжібаев.

Осы келісімге сай инвестор тарапынан Сауран ауданында заманауи емхана салынбақ. Емхана толығымен медициналық құрал-жабдықтармен және КТ, МРТ аппараттарымен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге оңалту орталығын салу бойынша де келіссөз жүргізілді.

Сауран ауданында 101 981 тұрғын бар, оның ішінде Сауран аудандық емханасына тіркелген халық саны – 74 326, емханада күндізгі стационарда 171 төсек-орын қарастырылған. 31 денсаулық сақтау нысаны бар. Аудандық емхана ғимараты 2017 жылы салынған. Жалпы ауданы – 992 м2 құрайды, жобалық қуаттылығы – ауысымына 100 адам. Медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандырылуы – 68,7%, тозуы – 65,7%. 

Айта кетейік, Түркістан өңірінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы басталды. Атап айтқанда 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт салынуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Цензура? Астанада журналиске Үкіметке кіруге тыйым салынды
Кеше, 19:18

Цензура? Астанада журналиске Үкіметке кіруге тыйым салынды

Қазіргі уақытта Жәния Уранқаеваның үкімет ғимаратына кіруге рұқсаты жоқ
Алматы қаласында танысқан жұбайы балаларын тәрбиелеуге белсене атсалысуда
Розыбакиев көшесіндегі 1500 орындық екінші мектеп 2024 жылдың соңына дейін аяқталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →