×

Қатерлі ісікке әкеп соқтырады: дәрігер алкоголь тұтынудың денсаулыққа қаупі туралы айтты

Алкоголь мен темекі шегудің қатерлі ісік қаупіне әсері арасында айырмашылық бар

Қатерлі ісікке әкеп соқтырады: дәрігер алкоголь тұтынудың денсаулыққа қаупі туралы айтты

Түркістан облысындағы Қазығұрт аудандық орталық ауруханасында темекі мен алкогольдың адам ағзасына әсері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының емхана бөлімінде жалпы тәжірибелі дәрігер Г. Тастанбаева емханаға келген емделушілерге темекі мен алкогольды қолданудың адам ағзасына тигізер кері әсері жөнінде түсіндірді. Дәрігердің сөзінше екеуінің де денсаулыққа зиянды екені қазірдің өзінде белгілі. Бірақ алкоголь мен темекі шегудің қатерлі ісік қаупіне әсері арасында айырмашылық бар. ДДҰ ұзақ уақыт бойы алкогольді тұтыну кем дегенде жеті қатерлі ісік түрінің даму қаупімен байланыстырған еді. Оның үстіне, сарапшылардың айтуынша, бұл қауіп алкогольдің дозасына да тікелей байланысты.

«Темекі тарту мен ішімдік ішудің салдарынан бронхы, өкпе, кеңірдек, көмей, өңеш, қуық және ұйқы безінің жұмысы бұзылып,  онкологиялық ауруларға алып келуі ықтимал. Бұған қоса бүйрекке, ұрпақ жалғау ағзаларына, және қан өндіру жүйелеріне зияны тиеді. Одан қоса жүрек-қан тамырлары ауруларының да  пайда болуына алып келеді. Сонымен қоса, жүректің ишемиялық ауруы, бюргер ауруы, перифериялық тамырлардың функциясының бұзылуы, инсульттар, тромбоздар және т.б. ауру түрлері де осы темекі тартудың салдарынан болады.  Темекі тарту тоқ ішекке түймешік, асқазан мен аш ішекке жара шығару, гастритке, гастродуоденитке шалдықтыру арқылы асқазан-ішек жолына да айтарлықтай зиянын тигізеді. Онымен қоса, тіс кіреукесі сарғайып қана қоймай, некротикалық жара гингивиті, пародонтит, шырышты қабықтың онкологиялық кеселі сияқты дерттерге шалдықтыруы мүмкін», – деді Г. Тастанбаева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →