×

Түркістан облысының алты айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті

Алты айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті

Түркістан облысының алты айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті

Түркістан облысы бойынша жыл басынан бері халықтың санитариялық-эпидемиялық саламаттылығы саласындағы талаптарға сәйкестігі бойынша 213 нысан тексерілген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде алты айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті. Мәжілісте департамент басшысы Нұрбек Нышанов жыл басынан бері атқарылған жұмыс қорытындылары мен алдағы міндеттер мен басым бағыттар жөнінде талқылады. Жиын барысында Департамент басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов бірқатар нозологиялар бойынша аурушаңдық көрсеткіштерінің төмендегенін, сондай-ақ кей түрлері бойынша өсу тенденциясының байқалғандығын айтып, сонымен қатар оның себеп-салдарына да тоқталды. Сонымен қатар инфекциялық, паразиттік және аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиялық ахуалын түсіндірді. 

Мәжілісте Түркістан облысы бойынша соңғы алты айда COVID-19 6,6 есеге, бруцеллез 2 жағдайға, эхинококкоз 26,6 пайызға төмендегені айтылды. Ал оба, дифтерия,  полиомиелит, туляремия, тырысқақ, сіреспе, паратиф, сібір жарасы, құтыру сынды инфекциялық және паразиттік аурулары тіркелмегендігі түсіндірілді. Мәжіліс соңында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Осы ретте инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды күшейту және сыбайлас-жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу, мемлекеттік қызметшілердің этикасы, нысандарға бармай бақылау мен СЭҚ беруге қатысты жұмыстардың тиісті деңгейде атқарылуы керектігі тапсырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →