×

Қазығұрт ауданының әкімі перзентханадағы аналарға сыйлық жасады

Биыл бұл мереке 7 шілдеде атап өтілді

Қазығұрт ауданының әкімі перзентханадағы аналарға сыйлық жасады

Ұлттық домбыра мерекесі қарсаңында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов перзентханаға барып,аналарға домбыра сыйлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол өмірге сәби әкелген аналарға домбыра мен гүл шоқтарын сыйға тарту етті. Ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғыртатын айтулы мерекенің әрбір қазақ баласына берері мол екенін тілге тиек етіп, жаңадан дүние есігін ашып жатқан сәбилердің бабаларымыздай батыр, күйші, шешен болып шығуын тіледі.

Айта кетейік, Түркістан – халық саны жөнінен еліміздегі көшбасшы өңір. Сондықтан көпбалалы аналар саны жөнінен де алдыңғы қатарда. Жыл сайын республикада дүниеге келетін 400 мың астам баланың әрбір жетіншісі Түркістан облысында дүниеге келеді.  2023 жылы өңірде 54 мыңнан астам сәби дүние есігін ашты. Облыста  179 мыңнан аса көпбалалы ана бар.  2500 «Батыр ана», 17 мыңға жуық ана «Алтын алқа», 4 мың «Ана даңқы» ордендерінің иегері саналы ұрпақ өсіруде. Түркістан облысында әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбектер көрсетіп жатыр. Облыс көлемінде шамамен 213 020 мың кәсіпкер болса, оның 68 мыңға жуығы шағын және орта бизнеске басшылық ететін әйел азаматтар. Статистикаға сәйкес шағын және орта кәсіпкерліктің 31,9%-ында әйелдер басшылық етеді. Демек, Түркістан өңірінде жұмыс істейтін әрбір үшінші кәсіпкер әйел кәсіпкерлер

Ұлттық домбыра күні 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспбының күні ретіне тойланып келеді. Биыл бұл мереке 7 шілдеде атап өтілді. 

Домбыра – қазақтың үні. Халқымыздның киелі аспабы домбыра – жер бетінде кеңінен тараған шертпелі аспаптардың бірі. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген Қадыр Мырза-Әлінің сөзін ұран еткен халқымыздың көңіл төрінде домбыраның орны ерекше. Басынан небір қилы заман өтсе де, жаугершілікті бастан өткеріп, бодандық қамытын кисе де төл аспабы қолынан түспеді. Одан тараған қоңыр үн халық жадында тарих боп қатталып, шежіре боп шертілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →