×

Сметовке 100 жылқы сыйлаған кәсіпкер — Елдосқа айтар бір ғана өтінішім бар

Әнуар Маханов жарыстарға баратын ауылдың балаларын әрдайым қолдап жүргенін айтады

Сметовке 100 жылқы сыйлаған кәсіпкер — Елдосқа айтар бір ғана өтінішім бар

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке 100 жылқы сыйлаған Әнуар Маханов атты кәсіпкер Qaz365.kz тілшісіне берген сұхбатында не үшін жомарттық танытқанын айтып берді.

“Елдос чемпион болған кезде бәріміз қуандық. Бүкіл әлемге қазақ атын паш етті. Қуанғаннан бердім 100 жылқыны. Өзіне де “чемпиондарды тәрбиеле” деп айттым. Өмірде ақшаның маңызы бар ғой. Ешкімге тәуелді болмасын дедім. Жылқы атау қазақы дәстүр, жол. Шаруасы болсын”, - дейді кәсіпкер.

Әнуар Маханов жарыстарға баратын ауылдың балаларын әрдайым қолдап жүргенін айтады. “Чемпиондар ауылдан шығады” дейді. Інісі Амангелді Асауов самбодан әлем чемпионы болған. Өзінің туған жері Байғанин ауданынан шыққан, түрлі жарыстарда топ жарған жастарды да қолдап жүргенін айтады. 

“Қазір Маңғыстау мен Атырау облысына қазір су жетпей жатыр ғой. Су саласы бойынша жұмыс істеп жатырмын. Жобаларым бар. Мұнай-газ саласында да жобаларым бар. Ауылда бәріне жұмыс болсын деп шаруашылық ашып қойғанмын. Үнемі ол “менікі емес, елдікі” деп айтып жүремін. 20 шақты жылдан бері шаруашылықта 40-ден аса адам жұмыс істеп жатыр”, - дейді ол. 

Кәсіпкер 100 бас жылқыны чемпионның ауылына жеткізгелі отыр. Оның алдында Әнуар Маханов чемпионды елге шақырып, киелі орындарды көрсетпек.

Әнуар Маханов бұрын Елдосты танымаған. Чемпион болғаннан кейін екеуі телефон арқылы сөйлескен.

“Елдос алтын алатын шығар деп үміттенгенмін. Ақтады ғой. Түнімен ұйықтамай күтіп, бірінші белдесуінен бастап қарадым. Бақ пен бап бірге жанып тұр ғой. Мықтылардың бәрін жеңді ғой”, - дейді кәсіпкер.

Кәсіпкер жарияға жар салып, ешкімге мақтанғысы келмегенін айтады. 

“Баяғыда бабаларымыз Құнанбайлар мама бие сыйлаған ғой. Тай емес, сол жолмен мама бие сыйладым”, - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Павлодарда тәрбиеші мүгедек балаларды аямай ұрып-соққан
Кеше, 16:13

Павлодарда тәрбиеші мүгедек балаларды аямай ұрып-соққан

ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Қазақстанда жұмыс істейтіндердің жартысының жалақысы 150 мың теңгеден аспайды
Күдіктіден QR кодтарымен есірткі сатуға қатысты жұмыс ұсыныстары жазылған 72 парақша табылды
Қазақстан аумағында 13 707 шетел азаматы еңбек етеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →