×

Отбасын жоспарлауда нені білу қажет?

Қазір экстракорпоралды ұрықтану әдісіне сүйенетіндердің саны өскен

Отбасын жоспарлауда нені білу қажет?

Түркістан облысына қарасты Бәйдібек аудандық орталық ауруханасында гинеколог Нұргүл Жүсіпова  жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу, «Аңсаған сәби» бағдарламасы мен отбасын жоспарлау тақырыптары аясында семинар, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Дәрігердің сөзінше, қазақстандық әр алтыншы отбасы бедеуліктен зардап шегеді. Сол себепті қазір экстракорпоралды ұрықтану әдісіне сүйенетіндердің саны өскен. 

«Отбасын жоспарлау – біздің өмірімізге белсене араласатын түсінік. Көптеген жылдар бойы отбасын жоспарлау – бала тууды шектеу деген түсінікті білдірді. Отбасын жоспарлап, дені сау баланы дүниеге алып келу үшін  ең алдымен ер мен әйел денсаулығын сақтау  маңызды екенін айтқым келеді. Басқаша айтқанда, отбасын жоспарлау баланы кездейсоқ емес, жоспарлы түрде өмірге әкелу деген сөз. Жас қыздардың жоспарланбаған жүктіліктен жасанды түсік тастауы – болашақ ананың ұрпақты болу денсаулығына кері әсерін тигізері анық. Ресми статистика бойынша қазақстандық әр алтыншы отбасы бедеуліктен зардап шегеді. Оған экологияның нашар болуы, әйел мен еркек денсаулығының төмендігі себеп болып отыр. Сондықтан да қазір экстракорпоралды ұрықтану әдісіне сүйенетіндердің саны артып барады. Репродуктивтік денсаулық – адамның ұрпақ әкелетін дене мүшелерінің және функциясының ауру мен сырқатсыз болуы ғана емес, жалпы адамның физикалық және ой жүйесі мен әлеуметтік жағдайының сау болуы», – деді дәрігер.

Айта кетсек, 2021-2023 жылдар аралығында 21 000 отбасына экстракорпоралды ұрықтану әдісі қолданылып, 10 000-нан астам бала дүниеге келді. Бұл үлкен көрсеткіш. Енді «Аңсаған сәби» бағдарламасы 2030 жылға дейін ұзартылатын болды. Жыл сайын міндетті медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен 7000 жасанды ұрықтануды жасау әрі қарай жалғаспақ. Яғни, алдағы жеті жылда 49 000 бедеулікке шалдыққан отбасыға аталған бағдарламаға қатысып, ата-ана атануына мүмкіндік тумақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
3 адамның өлімі: Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы «жарысқа» полиция қызметкерлерінің қатысы бар ма
Бүгін, 13:52

3 адамның өлімі: Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы «жарысқа» полиция қызметкерлерінің қатысы бар ма

Марат Қожаев Германияда жол ережесін бұза беретіндерге «ақылсыздарға арналған» емтихан бар екенін атап өтті
Тұрғынның сөзінше, жедел ұйымдастырылған эвакуацияның арқасында жақындары аман-есен елге оралып, отбасымен қайта қауышқан
Бұлақтар мен жағалау аумақтары тазарту жұмыстарына 16 мыңнан астам адам қатысты
Игі іске өңір жастары белсенді атсалысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →