×

«Жастар дұрыс тамақтанбайды»: Жүрек-қан тамыры ауруларын қалай алдын аламыз?

Мемлекет тарапынан кепілдік берілген тегін медициналық көмек шеңберінде тексеруден тегін өтуге болады

«Жастар дұрыс тамақтанбайды»: Жүрек-қан тамыры ауруларын қалай алдын аламыз?

Түркістан облысына қарасты Созақ аудандық орталық ауруханасында жүрек ауруларының алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Созақ аудандық орталық ауруханасының «Жүректің ишемиялық ауруларының алдын алу» мектебіне жауапты дәрігер Ұ. Ахатаева ауруханаға емделуге келген науқастарға жүректің құрылысы, жүрек ауруларының алдын алу, дәрігерге уақытылы келіп көріну және қан қысымын қалай дұрыс өлшеу керек екенін үйрету және темекі өнімдерінің жүрекке тигізер кері әсері жөнінде пайдалы кеңестерді айтты. 

«Жүрек және қан тамыры аурулары өлімге душар ететін дерттердің тізімін бастап тұр. Себебі жастар дұрыс тамақтанбайды, адамдардың көбі жүрек және қан тамыры ауруларынан сақтану жолдарын білмейді. Қазақстанда ауруханаға жату көрсеткіші жыл сайын артып отыр. Әрбір адам өз денсаулығына деген қарым-қатынасын, көзқарасын өзгертуге тиіс. Тіпті, дені сау азаматтың өзі жылына кем дегенде бір рет дәрігерге қаралып, аурудың алдын алу шараларына көңіл бөлгені жөн. Мемлекет тарапынан кепілдік берілген тегін медициналық көмек шеңберінде тексеруден тегін өтуге болады. Мысалы, флюорография, қан және несеп талдауларын тапсырып, қандағы холестерин мен қант мөлшерін, көз іші қысымын тексерту қажет. Егер қандай да бір ақау табылып жатса, осы кепілдендірілген көмек шеңберінде тегін ем-дом қабылдауға болады. Өйткені көптеген созылмалы сырқаттар аталған пакет шеңберінде тегін емделеді», – деді дәрігер.

Мамандардың айтуынша, жүрек ауруына теледидар алдында ұзақ отыру, депрессия, қорылдау, жалғыздық, денеге шамадан тыс салмақ түсіру, спиртті ішімдік пен темекі, тамақты, әсіресе тұзды тамақты шектен тыс көп жеу сынды зиянды әдеттер жүрек сырқатына және сал ауруына шалдықтырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Сайран көлі жағалауы қашан ашылатыны белгілі болды
Бүгін, 14:43

Алматыдағы Сайран көлі жағалауы қашан ашылатыны белгілі болды

Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →