×

Алматыда ислам-ғылыми зерттеу институты ашылды

Алғашқы құттықтау сөзді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы алып, ғылыми-зерттеу институтының маңызына тоқталды

Алматыда ислам-ғылыми зерттеу институты ашылды
Фото: Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы Мүфтият жанынан Ислам ғылыми-зерттеу институты ашылды. Аталған іс-шараға зиялы қауым, атап айтқанда жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай, академик, қоғам қайраткері Асқар Жұмаділдаев, профессор Марат Тоқашбаев, дін өкілдері, имамдар және БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алғашқы құттықтау сөзді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы алып, ғылыми-зерттеу институтының маңызына тоқталды. Академик А.Жұмаділдаев Ислам діні мен ғылымды бөліп қарастыруға болмайтынын, әлем мойындаған ғұламалардың көбі мұсылман екенін айтып, тарихтан сыр шертті. Жазушы С.Елубай Институттың ашылуына қолдау білдіріп, құттықтау сөз сөйледі.

Ислам ғылыми-зерттеу институтына исламтанушы ғалым, филология ғылымының кандидаты, доцент Төрәлі Қыдыр тағайындалды. Наурызбай қажы Тағанұлы Институт директорына көлік табыстады.

Аталған іс-шараға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Сыртқы байланыстар жөніндегі менеджері Мадияр Қазыбек қатысып, Институт ұжымының құттықтауын жеткізді және Ислам ғылыми-зерттеу институтының кітапхана қорына кітаптар табыс етті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →