×

Түркістан облысында 6 айда 40 кардиохирургиялық ота өтті

Дәрі-дәрмек 53 түрлі дерт бойынша диспансерлік есепте тұрған науқастарға беріледі

Түркістан облысында 6 айда 40 кардиохирургиялық ота өтті

Түркістан облысында жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын оталарға 1 млрд.теңгеден астам қаржы көзделген болса, жылдың 6 айында Түркістан облысында осындай оталарға 493 млн теңге жұмсалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Бақыт Исмаханбетовтың сөзінше Түркістан облысында күн сайын медициналық сақтандыру есебінен кардиохирургия, нейрохирургия, урология, травматология, онкология, хирургия және басқа да профильдер бойынша жүздеген операциялар жасалып жатыр. Осындай бір ғана отаның құны орташа есеппен алғанда бірнеше миллионды құрайды. Мысалы, 2024 жылдың 6 айында Түркістан облысында 40 кардиохирургиялық операция жасалып, оған 73 млн теңге төленген. Сонымен қатар, 243 млн теңгеге 43 нейрохирургиялық ота жасалған.

Жалпы, бұл шаралардың жүзеге асуы МӘМС жүйесін енгізудің есебінен мүмкін болып отырғанын айрықша атап өту керек. Яғни, сақтандырылған азаматтардың қалтасынан шығатын шығын едәуір қысқарып, осынша қызметті тегін пайдаланып отыр. 

Биыл науқастардың тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтуға 15 млрд теңге бөлінген болатын. Бірінші жартыжылдықта 6 млрдтан астам рецепт бойынша тегін дәрі берілген. Дәрі-дәрмек 53 түрлі дерт бойынша диспансерлік есепте тұрған науқастарға беріледі. Сондай-ақ, МӘМС пакеті шеңберінде ересектерге 25 нозология, балаларға 29 нозология бойынша тегін дәрілер берілуде. Жалпы МӘМС есебінен денсаулық сақтауды қаржыландырудың айтарлықтай өсуі медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Сайран көлі жағалауы қашан ашылатыны белгілі болды
Бүгін, 14:43

Алматыдағы Сайран көлі жағалауы қашан ашылатыны белгілі болды

Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →