×

Консервідегі тағамнан абай болу керек – сайрамдық дәрігер

Аталмыш аурудың ауру қоздырғышы өзінен өте күшті у бөледі

Консервідегі тағамнан абай болу керек – сайрамдық дәрігер
Фото: sect.ru

Ботулизмнің ауру қоздырғышы негізінен бұзылған көкөністе, саңырауқұлақта, консервіде, шұжықта, балықта болады. Сондықтан да эпидемиологтар тұрғындардан консервіленген тауарларды жапқанда және тұтынғанда сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталмыш аурудың ауру қоздырғышы өзінен өте күшті у бөледі. Бөлінген у адамды улап ішкі ағзаның қызметін бұзады. Сондай-ақ уланған тамақтардан у тез арада қанға түсіп, қан тамырларын зақымдайды. Және де жүйке жүйесін улайды дейді сала мамандары.  

«Бүгінгі таңда қыстың қамын жазда ойла деген оймен біздің отбасыдағы әйелдеріміз жаз мезгілінде көкөністерді, жеміс жидектерді, саңырауқұлақтарды т.б. өнімдерді консервілеу жұмыстарын бастап жатыр. Консерві жұмысын бастау алдында осы консервілеген салаттарға, жеміс жидектерге байланысты бір ауруды айтып кетпесек болмайды. Бұл – ботулизм ауруы. Ботулизм ауруы – бұл тамақтан уланудың ауыр түрі, науқас қиын көтеретін токсинді уланумен өтетін ауру болып есептеледі», – дейді Сайрам аудандық орталық ауруханасының эпидемиолог дәрігері Махмуджан Кошанов.

Оның айтуынша, 90 пайыз жағдайда бұл ауруға отбасы мүшелерінің үй жағдайында дайындалған консервіленген көкөністер, саңырауқұлақта, шұжық, ет өнімдерін пайдаланған кезінде ұшырайды. 

«Бұл ботулизм ауруы өте ауыр жағдайда өтеді. Ботулизм ауруына күдіктенген науқасты дер кезінде стационарлық емге жатқызып, оған ботулизмге қарсы сарысу егілмесе, ол ауру өлім жағдайымен де тіркелуі мүмкін. Сондықтан қазіргі уақытта  әйелдерге айтатынымыз, үй жағдайында көкөніс, жеміс-жидектерден салат немесе тұздалған, консервіленген банкаларды дайындаған кезде технологиялық процесстерге мән беріп, жеміс-жидектерді жақсылап жуып, қайнатып консервілеген дұрыс», – дейді дәрігер.

Маманның айтуынша, ботулизмнің алғашқы белгілері анықталған жағдайда дәрігердің көмегіне бірден жүгінген жөн. Сол себепті мамандар жеміс-жидек пен бақша өнімдерінің түр-түрі піскен шақта сақтық шараларын сақтауды қатаң ескертіп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →