×

Ақтөбе облысы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына белсенді қатысуда

Ақтөбеліктер ел Президентінің үндеуін зор ықыласпен қабылдап, өткізіліп жатқан барлық шараларға белсене атсалысуда

Ақтөбе облысы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына белсенді қатысуда
Фото: gov.kz

Ағымдағы жылдың 1 тамызында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ақтөбе облысында «Таза кәсіп – Таза аймақ» өңірлік акциясы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

​Акция аясында Ақтөбе облысындағы шағын, орта және ірі бизнес ұйымдары өздеріне іргелес аумақтар мен аулаларды тазартты.

​Сонымен қатар, акция аясында Ақтөбе қаласының әкімдігі «Ақтөбе қаласының кәсіпорындары және ұйымдары арасындағы абаттандырылған аумақ» байқауын жариялаған болатын.

​Байқаудың мақсаты – қаланың сыртқы келбетін жақсартуға ықпал ету, санитарлық жағдайды жақсарту, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қалалық кәсіпкерлік нысандарының арасында ең жақсы абаттандырылған аумақты анықтау.

​Байқауға 14 кәсіпкерлік нысан қатысты. Олардың қатарында «Динар-Электромаш» ЖШС, «Jadyra'S» және «Классик» сауда үйлері, «Інжу», «Жас отау» мейрамханалары, «Дару жарығы»офтальмологиялық орталығы сияқты белгілі ұйымдар бар.

​Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға мерекелік шара ұйымдастырылып, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табысталады.

​«Энергия» сауда үйінің қызметкері Нина Доценко шарадан алған өз әсерімен бөлісті.Оның пікірінше, жалпыұлттық экологиялық акция өткізу бастамасы біздің облыс үшін де, жалпы ел үшін де өте өзекті. «Бүгін біз ертеңгі күніміздің тазалығына жауаптымыз. Алдағы уақытта осындай игі шараларға атсалысатын жанашыр азаматтардың қатары көбейеді деп ойлаймын», - деп атап өтті Нина Владимировна.

​Айта кетейік, «Таза Қазақстан»жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ақтөбе облысында елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру, өзендердің,көлдердің, бұлақтардың жағалауларын тазарту және т. б. бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілді.

​Жалпы, ақтөбеліктер ел Президентінің үндеуін зор ықыласпен қабылдап, өткізіліп жатқан барлық шараларға белсене атсалысуда.

​Айта кету керек, биылғы сәуір айынан бастап «Таза Қазақстан» акциясына облыста 279 077 тұрғын, 6 672 мекеме мен кәсіпорын қатысты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →