×

Дауға іліккен «Қазақтарды қалай басқаруға болады» кітабы толық сатылымнан алынды

Кітапқа қатысты дау Тик-ток желісінде көтерілген

Дауға іліккен «Қазақтарды қалай басқаруға болады» кітабы толық сатылымнан алынды
Фото: әлеуметтік желіден

Кітапты шығарған баспагер AmalBooks баспасының басшысы Бақытжан Бұқарбай барлық дүкен сөрелерінен кітапты алып тастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Баспагер болған соң кері байланыспен де жұмыс істеуіміз керек. Ешқашан халықтан өзімізді биік қойған жоқпыз. Оларға ұнамағаны – мұқаба болып тұр. Мұқаба көңіл көншітетіндей емес дейді. Мазмұнын түсінбей қаласың дейді. Біз сондықтан, бүкіл сату нүктелерінен бұл кітапты бүгін түгел алып тастадық. Қазір ешбір жерде бұл кітап сатылымда жоқ», – деді әлеуметтік желі арқылы Бақытжан Бұқарбай.

Кітапқа қатысты дау Тик-ток желісінде көтерілген. Алматы тұрғындарының бірі жанар-жағармай бекетінде дәл осы атаумен тұрған кітапты көріп, ашуланып, желіге салған. Оған кітаптың атауы мен мұқабасы ұнамай қалған. Көп адам оны қолдап жазба қалдырды.

Кітап 300 жыл бұрын Ресей империясының бас хатшысы болған Иван Кирилловтың құжаттарынан құралған. Ол қазақтарды басқару үшін не істеу керектігін жазады. Оның бұл құжаты кезінде Ресей патша үкіметінің керегіне жараған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →