×

Қазақстанда ЭЦҚ беру тәртібі өзгереді

Бұлтты ЭЦҚ белсенді дамып келе жатыр

Қазақстанда ЭЦҚ беру тәртібі өзгереді
Фото: depositphotos.com

Цифрлық даму министрлігі елде электронды цифрлық қолтаңбаны беру тәртібін қайта қарауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақпарат қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов қазір биометриялық сәйкестендіру, яғни бұлтты ЭЦҚ белсенді дамып келе жатқанын атап өтті.

«Таңбалауыштар, бөлінбейтін тасымалдағыштар өте сенімді. Олардан ЭЦҚ алу мүмкін емес. Цифрлық уақытт елімізде барлық азаматты жаппай қамтуға және оларды цифрлық электрондық қолтаңбалармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ең қарапайым әдіс файлдық тасымалдағыштар арқылы ЭЦҚ беру болды. Бірақ бұл әдіс, біз көріп отырғанымыздай, қазір ең қауіпсіз емес. Тиісінше, біз файлдық тасымалдағыштарда ЭЦҚ беру рәсімін тоқтатқымыз келеді», – деді ол ОКҚ брифингінде.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда барлық мемлекеттік қызметтерді алу үшін ЭЦҚ-ның бір кілті қажет болатыны хабарланған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →