Айыппұл Ұлттық қорға төленген
Айыппұл арқалаған «Каспий мұнай» АҚ акциялары толығымен «Joint Resources» компаниясына тиесілі, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Айыппұл Ұлттық қорға төленген.
“Каспий мұнай АҚ кен орнын бұрғылау және пайдалану кезінде 2021-2022 жылдары пайда болған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарды жинақтау лимитін алған жоқ. Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесінде Атырау облыстық сотының сот алқасының 02.07.2024 жылғы қаулысымен "Каспий мұнай" АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабы бойынша 13 684 868 730 теңге көлемінде айыппұл салынуымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – деп хабарлайды Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, "Каспий мұнай" АҚ акцияларының 100%-ы "Joint Resources" АҚ-ға тиесілі. Оның иесі Қазақстан Республикасының экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев.