×

Биыл әскерге шақырылатын жастар саны мың адамға артады

Жыл сайын әскерге шақырылатын жастар саны динамикалы түрде артып келеді

Биыл әскерге шақырылатын жастар саны мың адамға артады
Фото: ашық дереккөзден

2024 жылы 18 жасқа дейінгі 39 180 ер адамды әскер қатарына шақыру жоспарланған болса, енді бұл санды 40 148-ге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет қаулысына енгізілетін өзгерістер жобасынан белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 40 148 ер азаматты 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізілсін", – делінген қаулының жаңа нұсқасында.

Жыл сайын әскерге шақырылатын жастар саны динамикалы түрде артып келеді. Айталық, 2023 жыл қорытындысы бойынша, 37 мың ер адам әскер қатарына шақырылды. Олардың 16 мыңнан астамы Қарулы күштерге жіберілді. Қалған 21 мың азамат Ұлттық ұланның, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдерін толықтырды.

Ал 2022 жылы әскерге барған жастар саны 35 мыңнан аз болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 32 мыңнан астам болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →