×

Түркістандағы оңалту орталығына мобильді реабилитациялық кешен сыйға тартылды

Орталықтар мемлекеттік қолдаулармен қатар демеушілер есебінен де қажетті құрал-жабдықтармен толықтырылуда

Түркістандағы оңалту орталығына мобильді реабилитациялық кешен сыйға тартылды

Түркістан облысына қарсты Жетісай ауданында орналасқан «Үміт ұясы» оңалту орталығына «САБИ» қайырымдылық қорының демеушілігімен құны 3 млн теңге тұратын «Экзороллер» мобильді реабилитациялық кешені сыйға тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгінде Жетісай ауданы әкімінің бастамасымен ауданда ілкімді істер жүзеге асырылып, оңалту орталықтары оңды нәтижелерге қол жеткізуде. Аталмыш орталықтар мемлекеттік қолдаулармен қатар демеушілер есебінен де қажетті құрал-жабдықтармен толықтырылуда. Негізінен «Экзороллер» аппараты БЦП мен ми, жұлын жарақаттары, параплегия мен бұлшықет дистрофиясы, Ретт синдромы секілді тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың тиімді құралы саналады. «Үміт ұясы» оңалту орталығында балалардың жасына қарай ыңғайластырылып жабдықталған ойын, демалу, қабылдау бөлмелері мен балалардың антропометриялық өлшеулерін анықтайтын құралдар, сауықтыруға арналған медициналық заманауи кабинеттер жұмыс істейді. Қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсетуге жауапты психолог, логопед, дефектолог, дене шынықтыру және музыка мұғалімдері, емдік дене шынықтыру мен емдік терапия жөніндегі нұсқаушылар, массаж жасау жөніндегі мейірбике мен тәрбиешілер қызмет көрсетеді.

Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан Райымбековтың сөзінше 2018 жылы жұмысын бастаған орталықтың 10-нан астам қызмет алушысы бүгінде өздігінен жүріп-тұру мүмкіндігіне ие болып, мектеп табалдырығын аттағандары да бар. Бүгінде орталық мүгедектігі бар балалар және психологиялық мүгедектігі бар балаларды жалғыз қалдырмай мүмкіндігінше оларға жақындарының көмегін, айналасындағылардың тұрақты байланысын қамтамасыз етіп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Электрокөліктің басты кемшілі қандай – Нұрлан Смағұлов пікірін айтты
Бүгін, 18:16

Электрокөліктің басты кемшілі қандай – Нұрлан Смағұлов пікірін айтты

Электрокарды заңды тасымалдау екі-үш жылдың еншісіндегі мәселе
Депутаттың сөзінше, бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші жоқ
Атом электр станциясын салудың экономикалық аспектілері жан-жақты түсіндірілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →