×

Досаев Парижде қайтыс болған Ерден Хайруллиннің жақындарына көңіл айтты

Қала әкімі марқұмның туыстары мен жақындарына қолдау білдірді

Досаев Парижде қайтыс болған Ерден Хайруллиннің жақындарына көңіл айтты
Фото: gov.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ерден Рашидұлы ұзақ жыл бойы мемлекеттік қызметте жемісті еңбек етіп, керемет басшы, жақсы ұйымдастырушы әрі жоғары деңгейдегі кәсіби маман болды. Оны әріптестері қарапайымдылығы, іскерлік қасиеті және адамгершілігі үшін жоғары бағалады. Ол спорттың дамуына және жас спортшыларды тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Біз үшін бұл орны толмас қаза, марқұмның жарқын бейнесі әрдайым жүрегімізде сақталады», – деді Ерболат Досаев.

Қала басшысы Ерден Хайруллиннің отбасына, туыстары мен жақындарына қолдау білдіріп, шын жүректен қайғырып, көңіл айтты.

Еске салайық, Париж Олимпиадасында Алматының спорттық делегациясын бастап барған Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті
Бүгін, 20:07

«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті

Алдағы уақытта барлық ұсыныстар мен бастамаларрды іске асыру тетіктері белгіленді
Жаңа бағыттағы алғашқы рейс 2025 жылғы 29 қарашада орындалады
Заңда жасанды интеллект жүйелерінің қызметін реттейтін негізгі қағидаттар бекітілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →