Қатты жаңбыр жауған кезде сел құбылыстары болуы мүмкін
"Қазгидромет" РМК дауылды ескертуіне сәйкес, 10 тамыз – 12 тамыз аралығында Алматы қаласында және оған іргелес таулы жерлерде кейде қатты жаңбыр болжауына байланысты, беткейлік ағынының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтілуде. Сонымен қатар судың жайылуы мен су басу мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Тау өзендері бойынша гидрометеорологиялық ақпаратқа сәйкес ("Қазгидромет" РМК 2024 жылғы 9 тамыздағы #69 жаңбыр генезисінің сел қаупінің күнделікті Бюллетенінен, Іле Алатау тауларында қатты жауын-шашынның болжамына байланысты сел қаупінің "қызғылт сары деңгейі" жарияланды.
Гидрометеорологиялық және сел жағдайының талдауына сәйкес, қатты жаңбыр жауған кезде сел құбылыстары болуы мүмкін.
Қазселденқорғау бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде бақылаудың жеделдетілген режиміне ауыстырылып, аэровизуалды және жергілікті бақылау жүргізілуде, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.
Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары: сел тасқынына қалып қалған жағдайда, құтқарылуға мүмкіндік жоқ. Сел тасқыны қаупіне байланысты Іле-Алатау тауларына бармауды сұраймыз.
Сел қауіп барі жерлерде қандай іс-әрекет жасау керек:
-таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру қажет;
- егер қауіп төнсе, немесе кенеттен сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіз;
-демалуға тоқтамаңыз және сел қауіпті каналдардың жанында, көл көпірлерінде (бөгеттерде) және олардың астында лагерьлер құрмаңыз;
Естеріңізде болсын, сел ағынына түскен адамды құтқару мүмкін емес, сондықтан оған жақындамаңыздар!