×

Астанада Абай күніне орай 70-тен астам іс-шара өтті

Қалада Абайдың үлкен цифрлық портреті пайда болды

Астанада Абай күніне орай 70-тен астам іс-шара өтті
Астана қаласының әкімдігі

Елордада ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай ғылыми конференциялар, викториналық ойындар және басқа да 70-тен астам түрлі іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алдымен қалада Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп, ұлт перзентіне құрмет көрсетілді. Оған Астана қаласы мәслихаты төрағасы Ерлан Каналимов, AMANAT партиясының Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек, сондай-ақ Жазушылар одағының мүшелері мен зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, ардагерлер және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы Абай шығармашылығы тәрбие, еңбекқорлық тәрізді құндылықтармен үндес екендігін айтты.

«Бүгін – еліміз үшін жарқын күндердің бірі. Бұл күн жыл сайын аталып өтеді. Президентіміз айтқандай, Абай – рухани реформатор. Әр заманның қиындықтары бар. Одан Абайдың даналығымен, айтқан ой-парасатымен шығуға тиіспіз. Білім, ғылым, қоғамдағы рухани қозғалыстар кемелдікке қарай бағыт алуы қажет. Абайдың «Толық адам» деген тамаша концепциясы бар. Соған біз ұмтылып келе жатырмыз. Ол үшін білім жүйесі, қоғам, ата-аналардың парасаты бір жерге үйлесуі керек. Сол кезде ғана нәтиже шығады», – деді Дихан Қамзабекұлы.

Сонымен қатар 10 тамызда Қаламгерлер аллеясында  «Абай – руханияттың алтын қазығы» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Журналистер саябағында «Алдымда ақын Абай - Темірқазық!» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
Есіл өзенінің жағалауында Абай әндерін насихаттау мақсатында «Домбыра party», Арбатта Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты викториналық ойындар және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ұлылар мекені...» экспедициясының қорытындысы бойынша ғылыми конференция болды. 
Сондай-ақ қалада Абайдың үлкен цифрлық портреті пайда болды. Ол 53 мың пиксельден астам жаңа LED жарықтандырумен жабдықталған. Сурет бір-бірін алмастыратын қазақ ою-өрнектерімен және туымен сүйемелденеді.
Қала тұрғындары бұл жерді шығармашылық бейнелер жасау үшін белсенді пайдалануда. Атап айтқанда, Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның әртісі, Астана тұрғыны Ұлжан Күлжанова скрипкада «Көзімнің қарасы» туындысын орындады.
Нұра ауданының әкімдігі мен Ailand отбасылық демалыс орталығы ұйымдастырған іс-шара 10 тамызда атап өтілетін Абай күніне орайластырылды. Портрет пен анимацияны көрсету 16 тамызға дейін жалғасады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте "жұмаққа" билет сатылып жатыр
Бүгін, 17:41

Шымкентте "жұмаққа" билет сатылып жатыр

Әзілкеш құны 50 млн тұратын талон сатқан
Жобаға бюджеттен 7,5-8 миллиард теңге бөлінген
Ғимараттың қасбетіне өз бетімен кондиционер орнату – заң бұзушылық
Қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстары 1966 жылы пайдалануға берілген, 90 пайызы ескірген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →