×

«Оңай болған жоқ»: елге оралған боксшы Нұрбек Оралбай күміс жүлдесі жайлы пікір білдірді

Ол журналистердің сұрақтарына жауап берді

«Оңай болған жоқ»: елге оралған боксшы Нұрбек Оралбай күміс жүлдесі жайлы пікір білдірді
Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай журналистерге шағын сұхбат берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Боксшы 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында алтын жүлде ұтып алуға тырысатынын айтты.

«Олимпиада болған соң, бірінші жекпе-жектен бастап оңай болған жоқ. Барлық спортшы барын салды. Осындай екінші орын бұйырып тұр екен, бұған да шүкір. Бірақ мен Олимпиада ойындарына алтын медаль үшін барған едім. Бұл жолы бұйырмады, Алла қаласа енді келесі Олимпиадада бұйырады деп ойлаймын», – деді Нұрбек Оралбай.

Еске салсақ, 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрбек үшін Париж рингі финалға шығып, күмісті қанжығасына байлаған алғашқы Олимпиада болды.

Қазақстандық боксшы финалда украиналық Александр Хижнякқа 2:3 есебімен есе жіберді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім
Бүгін, 00:22

Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім

17 көше мен 34 шақырым жолды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын
Құқық бұзған 194 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады.
Ол жас жігітті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →