×

Түркістан облысында туған үшемдердің жағдайы ауыр болған

Үшемдер мерзімінен бұрын дүниеге келген

Түркістан облысында туған үшемдердің жағдайы ауыр болған

Түркістан облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келген үшемдер алғашқы күндері жоғары күтімге мұқтаж нәрестелер бөлімшесінде бақылауда болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Дәрігер-неонатолог Таугүл Байдуллақызының сөзінше үшемдерге тексеру, емдеу, күтіп баптау жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда медицина қызметкерлерінің көмектеріне байланысты бұл үшемдердің жағдайлары жақсы салмақ қосып, ана сүтін қанағаттарлықтай еміп жатыр. Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 33-аптасында дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 2 келі 245 грамм болса, екіншісі 1 келі 785, үшіншісінікі 1 келі 805 грамға жеткен. Шексіз қуанышқа кенелген отбасы үшемдерге Омар, Усман, Разия деп ат қойған. 

Еске сала кетейік, Түркістан облысындағы Әріпбаевтар отбасының саны үш перзентпен толықты. 27 жастағы Роза Әріпбаева тұңғыш ұлынан кейін өмірге 2 ұл мен 1 қыз әкелді. Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы бүгін үйге шығарылған. Жалпы жыл басынан бері дүние есігін ашқан үшемдер саны 7-еуге жеткен. Ал осы мерзім аралығында 311 егіз сәби туылған. Сонымен қатар, 6 ай ішінде 25045 нәресте дүниеге келген. Бұл - аяулы аналардың рухани астананың демографиялық дамуына қосқан үлесі.

Айта кетсек, Түркістан облысы елімізде туу көрсеткіші бойынша алғашқы орында тұрған өңір болып саналады. Сонымен қатар Түркістан облысы - елімізде үшем туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда. Сонымен қатар, өңірде ана мен бала денсаулығын нығайту мақсатында тиісті шаралар атқарылуда. Қоғам дамуында ана мен бала өмірі үлкен жауапкершілікті талап ететіні түсінікті жайт. Бүгінде ана мен бала денсаулығы  өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →