×

Түркістанда ерекше балаларға арналған «қамқорлық» орталығы ашылады

Ғимараттың құрылыс жұмыстары 1 қыркүйекте аяқталып, қазан айында ашылады деп жоспарлануда

Түркістанда ерекше балаларға арналған «қамқорлық» орталығы ашылады
Фото: gov.kz

Түркістан қаласында ерекше балаларға арналған «Қамқорлық» орталығы ашылады. Орталықта аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға түрлі қызмет көрсетілмек, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осы ретте облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев арнайы барып, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Ғимараттың құрылыс жұмыстары 1 қыркүйекте аяқталып, қазан айында ашылады деп жоспарлануда. Жоспарлы төсек орын саны – 110 орындық. Жабдықтармен және жиһазбен материалдық-техникалық жарақтандыру «Samruk-Kazyna Trust» КҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылады. Сонымен қатар «Қамқорлық Қоры» КҚ – жобаның бастамашысы әрі мамандарды оқытуды ұйымдастыруды жүзеге асырмақ. Негізгі бағыты – 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі аутизм және басқа да психикалық ауытқулары бар, мүгедектігі бар балаларға түрлі бейінді мамандардың қызметтерін көрсету. Оның қатарында АВА-терапия, сенсорлық интеграция, балама коммуникация, эрготерапия, кинезиотерапия бар. Сонымен қатар 100-130 штаттық бірлікпен қамтылады деп жоспарлануда. 

Айта кетсек, облыстағы стационарлық үлгідегі қызмет көрсететін №1 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жоспарлы сыйымдылығы 510 орын. Орталық созылмалы жүйке ауруларымен ауратын жасы 18-ден асқан I, II топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған. Жарты жылда 509 қызмет алушы қамтылған. Сонымен қатар, Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жартылай стационарлық үлгідегі қызмет көрсетеді. Жоспарлы сыйымдылығы – 60 орын. Мұнда 1,5 жастан бастап, 18-ге дейінгі I, II топтағы психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек қимыл аппараты бұзылған балаларды күндізгі уақытта оңалтуға арналған. Жыл басынан бері 103 қызмет алушы қамтылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Электрокөліктің басты кемшілі қандай – Нұрлан Смағұлов пікірін айтты
Кеше, 18:16

Электрокөліктің басты кемшілі қандай – Нұрлан Смағұлов пікірін айтты

Электрокарды заңды тасымалдау екі-үш жылдың еншісіндегі мәселе
Депутаттың сөзінше, бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші жоқ
Атом электр станциясын салудың экономикалық аспектілері жан-жақты түсіндірілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →