×

Ана сүтінің құрамы мен қасиеттері қандай?

Ана сүті – балаға арналған ең жақсы тағам

Ана сүтінің құрамы мен қасиеттері қандай?

Балаға қажетті иммунды жүйе мен интеллекттің бұлағы ана сүтінің әр тамшысынан табылады. Аналық сүттің сипаттамалары ерекше және пайдасы теңдессіз өнім, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысы Арыс аудандық орталық емханасының балалар бөлімінің медбикесі Айгүл Құрманғазинаның сөзінше ана сүтін емген сәбилер интеллектуалды түрде жақсы дамиды, артық салмақтан аз зардап шегеді және қант диабетіне бейім болмайды. Сондай-ақ, емізетін әйелдерде сүт безі мен аналық безінің қатерлі ісігі қаупі де төмендейді екен.

«Ана сүті – балаға арналған ең жақсы тағам, бұл оның асқорыту жүйесіне қолайлы құрамда болғанымен ғана шектеліп қоймайды. Ол баланы ауыру сырқаулардан қорғап, бүкіл өмірлік денсаулығының алғашқы негізін салушы. Ана сүтін еміп өскен сәбилер рахит, анемия, дисбактериоз, өкпе қабынуы және әртүрлі инфекциялық ауруларына өте сирек щалдығады. Оларда аллергия, іш өту, құлақ ауыруы болмайды, ал мерзімінен ерте туылған сәбилер жылдам еталып, салмақ қосады. Ана сүтін еміп өскен балада болащақта семіздік, аллергия және брохиалды астмамен ауырмайтыны дәлелденген. Ана сүтінің құрамында жүздеген компоненттер бар. Сүттің құрамы, бала қажеттілігіне сай үнемі өзгеріп тұрады. Ал бастапқыда анадан шығатын уыз, ақуыздар мен минералды заттарға бай. Емізіп жүргеніне біраз уақыт болған ананың сүтінде майлар мен көмірсулар көп болады. Бұл сусынның құрамы қайталанбайды оны басқа ешқандай сусын, тамақ түрімен алмастыру мүмкін емес! Ана сүтінің құрамындағы гормондар тобы баланың бір жасқа дейін өсіп, дамуын реттейді, ал ондағы дәрумендер бала ағзасының қажеттіліктерінің барлығын қамтамасыз етеді. Бастапқы уақытта емізулі бала үшін қажетті сүйықтық мөлшерін осы сүттегі су қамтамасыз етеді», – дейді медбике Айгүл Құрманғазина.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →